Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев Көктерек және Қайрат ауылдық округтерінің әкімшілік орталықтарында жұмыс сапарымен болды

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев Көктерек және Қайрат ауылдық округтерінің әкімшілік орталықтарында жұмыс сапарымен болды
Өткен аптада аудан әкімі Қайрат Пішенбаев Көктерек және Қайрат ауылдық округтерінің әкімшілік орталықтарында жұмыс сапарымен болды.
Ауылдарға барған кезде ауданның бірінші басшысы жарияланған үш айлық шеңберінде абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстардың барысымен танысты.
Қайрат ауылындағы апатты ғимараттарды аралап өтті. Осы округтің әкімі Ержан Бітниев атап өткендей, барлық ғимараттар сатып алынды, әрқайсысының иесі бар, бірақ, өкінішке орай, округ әкімшілігі де, салық органы да ешқандай ықпал ету шараларын қолдана алмайды, өйткені құжаттар заңды түрде толық ресімделмеген. Аудан әкімі қаржы бөлімі және заң бөлімшесімен бірлесіп осы мәселені зерделеуді тапсырды. Пайдалануға жарамсыз ғимараттар елді мекеннің эстетикалық көрінісін бұзып қана қоймай, ең бастысы, қауіп төндіреді.
Көктерек ауылына барған кезде аудан басшысы ел тұрғындары таңдаа алған демалыс орталығының жаңа ғимаратының құрылысын аралап көрді. Айта кету керек, биыл Көктерек ауылында клуб салуға бюджеттен 160 млн.теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады. Мұнда балалар алаңын орнату жоспарланған. Өткен жылы ауыл үшін шағын футбол алаңы сатып алынып, орнатылды. Биыл арнайы жасанды жабын сатып алуға қаражат бөлінді.
Ауданның бірінші басшысы округ әкімі Мұрат Сыздықовқа абаттандыру мәселесі бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Аудан әкімі «Бұлақ» шаруа қожалығының басшысы Ерғали Әзмағанбетовке туған ауылына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.