Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев ауданның құрметті азаматы Иван Васильевич Кухаренконы 75 жасқа толуымен құттықтады

Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев ауданның құрметті азаматы Иван Васильевич Кухаренконы 75 жасқа толуымен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Қайрат Пішенбаев ауданның құрметті азаматы Иван Васильевич Кухаренконы 75 жасқа толуымен құттықтады.

Иван Васильевич – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі, әсіресе мемлекеттік қызметте атқарған еңбегі зор.

15 жыл білім беру саласында еңбек етті. Қазақстанның Тәуелсіздігін алған жылдары және одан кейінгі қиын кезеңде мемлекеттік биліктің құрылу жұмысына араласты. Адал еңбегінің арқасында бүгінде ауданның дамуына үлесін қосып жүрген ел азаматтарын тәрбиеледі.
Лайықты демалыста болғанына қарамастан, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарға араласуда.

Мерейтой иесін құттықтаған аудан басшысы зор денсаулық, ұзақ және баянды ғұмыр, мол бақыт тіледі.