Уәлиханов ауданына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ж. Ғалымов келді

2021 жылғы 27 сәуірде Уәлиханов ауданына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ж.С.Ғалымов келіп, аудан әкімі төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына қатысты. Тоқсан сайынғы отырыстарды өткізу жоспарына сәйкес, 2 сұрақ қаралды:

  1. «Бюджет қаражатын атқару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша қабылданған шаралар»;(баяндаушы С.Е.Шегебаева )
  2. «Уәлиханов ауданы полиция бөлімі өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргзілген жұмыстар».(баяндаушы А.Б.Бекбулатов)

СҚО Уәлиханов ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы А.Е.Шегебаеваның, Уәлиханов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Б.Бекбулатовтың ақпараттары назарға алынды, комиссияның төрағасымен ұсыныстар берілді.