Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

2022 жылғы 07 қыркүйекте СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Е.Ж. Булатовтың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде экономика және қаржы (баяндамашы С.Е. Шегебаева), жер қатынастары (баяндамашы А. А. Жауаров), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (баяндамашы Шолпан Хуанган) салаларындағы мәселелер қаралды.

Өз баяндамаларында бөлім басшылары ағымдағы жылдың 8 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы хабардар етті.

"Бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда көрсетілетін қызметті алушы маманның кеңесін ала алады. Қызметтер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ұсынылады. Бөлім Брайль қарпіндегі ақпараттық жазулармен, балдақтарға арналған ілгектермен жабдықталған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде."- деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Шолпан Хуанган.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Амантайұлы Жауаров өз баяндамасында бөлім халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Бөлімнің жауапты маманымен 2 интернет-конференция өткізілді, онда 20 сұрақ, сондай-ақ тікелей эфирлер (15 сұрақ) қойылды, қызмет көрсету бойынша 300 брошюра таратылды. Жұмыс қатаң және тұрақты бақылауға алынды.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Еркінқызы Шегебаева ағымдағы кезеңде көрсетілген қызметтердің сапасына шағымдар, мерзімдерді бұзу болмағанын хабарлады.

Ақпарат назарға алынып, Кеңес қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар енгізілді.

Дата публикации
08 сентября 2022
Дата обновления
08 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы