Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында ХҚКО бөлімшелері арқылы өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді, онда өтініштерді қабылдау орталығы жұмыс істейді – Конституция көшесі, 72 мекенжайы бойынша №2 ХҚКО осындай болып табылады.
Енді заңды тұлғаларға құжаттарды тапсыру үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының ауысуы, орналасқан жерінің өзгеруі электрондық хабарлама негізінде емес, автоматтандырылған режимде базаға енгізілмейді
Атап айтқанда, заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚО-ларда жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар:
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.
Жыл басынан бері Алматы қаласы филиалы бойынша хабарламалық сипаттағы 428 өтініш келіп түскен. Оның 94- ЭҮП арқылы, 167- кеңсе арқылы қабылданған, Е-өтініш жүйесі бойынша-167.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметі