
Процестi қайта қараудың арқасында жетi әлеуметтiк төлем алу ыңғайлырақ әрi жеңiлiрек бола түстi. Электрондық үкiмет порталында үш банкте арнайы шоттарды автоматты түрде ашу мүмкiндiгi пайда болды (eGov.kz).
Ендi eGov.kz порталында әлеуметтiк төлемдердi, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсiмдеу үшiн өтiнiш берген кезде 20 таңбалы шот нөмiрiн (IBAN) қолмен енгiзудiң қажеттiлiгi болмайды. Жүйе қолжетiмдi шоттарды өтiнiш берушiнiң ЖСН-i бойынша алады, бұл өз кезегiнде шот нөмiрiн қате енгiзу мүмкiндiгiн болдырмайды. Жәрдемақы алу үшiн арнайы шотты елiмiздiң үш банкiнде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ.
Бұл функция ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң (ҚР ЕХӘҚМ) келесi әлеуметтiк мемлекеттiк қызметтерiнде қолжетiмдi:
1. Бала тууға және бала күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау;
2. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесiне, асырап алушыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
3. Мүгедектiк бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау;
4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау;
5. Жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi тағайындау;
6. Көп балалы отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау;
7. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау.
Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде арнайы шот ашу үшiн пайдаланушылар:
Арнайы банктiк шот болған жағдайда, ол тiзiмде көрсетiледi және сұрау салу уәкiлеттi органының (ҚР ЕХӘҚМ) қаралуына жiберiледi. Сұраныс статусы туралы ақпаратты eGov.kz сайтындағы пайдаланушының Жеке кабинетiнде қадағалауға болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi