
Азаматтраға арналған үкiмет әлеуметтiк желiлерде жүргiзушi куәлiгiне байланысты алаяқтық әрекеттердiң жиiлеп кеткенiн ескертедi.
Алаяқтар өз құрбандарынан мүмкiндiгiнше көп ақша тарту мақсатында түрлi айла-тәсiлдердi қолданады. Құжат алудың оңай жолын iздеген клиент қоңырау шалған кезде олар алдын ала төлем жасауды сұрайды, ал жүргiзушi куәлiгi бiр айдың iшiнде дайын болатынына сендiредi. Төлемдi алғаннан кейiн телефонын өшiрiп, iз-түссiз жоғалып кетедi.
Алаяқтықтың құрбаны болмау үшiн бейтаныс адамдарға қаражат аудармаңыз және жеке мәлiметтерiңiзге мұқият болыңыз. Жүргiзушi куәлiгi тек автоХҚО-ларда тиiстi емтихандар тапсырған соң уәкiлеттi орган арқылы берiлетiнiн еске саламыз.
Жүргiзушi куәлiктерiн беру тәртiбiмен мемлекеттiк корпорацияның әлеуметтiк желiлердегi ресми аккаунттарында, сондай-ақ egov.kz порталында таныса аласыз.
Егер сiз алаяқтық жағдайға тап болсаңыз, мiндеттi түрде құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.