Меню

Страницы

Статья

ХҚКО арқылы нотариуссыз жылжымайтын мүлiктi қалай рәсiмдеуге болады

Бүгiн жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сатуды ХҚКО-да рәсiмдеуге болады. Құжаттарды тапсыру күнiн есептемегенде қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнiн құрайды.

Мәмiле жасау үшiн сiзге қажет: екi данада жасалған сатып алу-сату шарты; жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспорты; Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар (оларды сатушы ұсынады). Егер сатушы мен сатып алушы некеде тұрса, онда жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келiсiмi қажет. Бұл екi жаққа да қатысты.

Егер жылжымайтын мүлiк құрылыс компаниясынан сатып алынса, сiзге қосымша сату туралы шешiм ұсыну қажет. Бұл ретте, егер сатып алушы некеде тұрса, жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келiсiмi қажет.

ХҚКО-ға дайын сатып алу-сату шартымен де, онсыз да келуге болады. Мемлекеттiк корпорацияның маманы оны құрастыруға көмектеседi. Шартта жылжымайтын мүлiктiң барлық техникалық сипаттамалары (ауданы, қабаты, пәтер нөмiрi, кадастрлық нөмiрi және т.б.) көрсетiлуi тиiс. Егер жылжымайтын мүлiк құрылыс салушыдан сатып алынса, шартта ХҚКО-ға келетiн компанияның сенiмдi тұлғасының аты-жөнi көрсетiлуi тиiс. Сенiм бiлдiрiлген тұлға болмаған жағдайда ХҚКО-ға компания директоры келедi, ол сатып алу-сату шартына қол қояды және өзiмен бiрге директорды тағайындау туралы бұйрық әкеледi.

Мемлекеттiк баждың мөлшерi-1 202,5 теңге, егер көрсетiлетiн қызметтi алушы дайын сатып алу-сату шартымен келсе, Егер құжат ХҚКО-да жасалатын болса, онда көрсетiлетiн қызметтi алушы тiркеуге қарамастан, шартты жасау үшiн де бөлек төлейдi. Егер жылжымайтын мүлiк объектiсi Петропавл қаласында болса, онда 7100 теңге, егер аудандық маңызы бар қалада немесе ауданда болса, 5 600 теңге төлейдi.

Қызметтiң құны жылжымайтын мүлiк түрiне байланысты өзгередi (мысалы, сақтау орындары, паркингтер және т.б.). Егер сатып алу-сату объектiсi жеке үй болса, онда төлем өзгермейдi, бiрақ оның аумағындағы жер учаскесi мен шаруашылық құрылыстарды тiркеу үшiн қосымша ақы алынады.

Құжаттарды тапсыру күнiн есептемегенде, қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнiн құрайды.

Сондай-ақ, ХҚКО-да жылжымайтын мүлiктi рәсiмдеуден басқа, келесi қызметтер бойынша нотариуссыз келiсiм-шарттар жасалады:

  • көлiк құралын және кепiл шартын автосалондарда тiркеу
  • басқа аумақтық бiрлiкте азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер мен анықтамалар алу
  • заңды тұлғаның қызметiн тоқталуды мемлекеттiк тiркеу
  • екiншi деңгейлi банктер үшiн мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу (өзгерiстердi, тоқтатуды)
  • басқа аумақтық бiрлiктегi бiлiмi туралы құжаттарды тану және нострификациялау
  • екiншi деңгейлi банктер үшiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды(ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу
  • заңды тұлғалар үшiн көлiк құралдарын тiркеу
  • жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортың беру және салынған объектiге қабылдау актiсiн ресiмдеу
  • жеке және заңды тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын беру
  • жеке тұлғалар үшiн жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер ресiмдеу және алу
  • салынған объектiге қабылдау актiсiн ресiмдеу бойынша дайын құжатты сонынан бере отырып
  • меншiк иелерiнiң салынған объектiнi пайдалануға өз бетiнше қабылдау актiсiн ресiмдеу және беру

Осылайша, тұрғындар үшiн жоғарыда көрсетiлген мүмкiндiктер Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде өз шығындарын бiрнеше есе үнемдеуге мүмкiндiк бередi!

Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы