Референдум-тікелей демократияның маңызды институты, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тікелей қатысуы.
Референдум кезіндегі сайлаудан айырмашылығы, объект кандидат немесе белгілі бір лауазымға кандидаттар тізімі емес, референдум өткізілетін белгілі бір мәселе – заң, заң жобасы, конституция, Конституцияға түзету, тиісті елдің халықаралық мәртебесіне қатысты мәселе, ішкі саяси проблеманы қарастыру.
Тәуелсіздіктің бүкіл кезеңінде Қазақстанда екі референдум өтті: 1995 жылғы 29 сәуірде Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы мәселе бойынша және 1995 жылғы 30 тамызда қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау туралы.
2022 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Сол күні, 2022 жылғы 5 мамырда "2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің № 888 Жарлығы шықты.
Республикалық референдумға «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба" Заң жобасы шығарылады.
Конституцияның 91-бабы 1-тармағы бойынша егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, республикалық референдум өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Референдумға қатысу құқығы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарына беріледі.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Жариялылық қағидаты республика азаматтарының, қоғамдық бірлестіктерінің референдумға қойылған мәселелер бойынша жиналыстарда, митингілерде, азаматтар жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірін білдіру құқығын қамтамасыз етуге кепілдік беруді көздейді. Референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрі жариялы жүзеге асырылады.
Азаматтар референдумға тікелей, тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа не тең дауыс санына ие болады.
Референдумды дайындау мен өткізуді:
1) Орталық референдум комиссиясының функциясын орындайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық референдум комиссияларының функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары;
3) учаскелік референдум комиссияларының қызметін атқаратын учаскелік сайлау комиссиялары жүргізеді.
Осылайша, Қазақстанда республикалық референдумға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу жөніндегі барлық жұмыс Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі күнге аудан бойынша республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімі пысықталды.
Уәлиханов ауданында 30 сайлау комиссиясы құрылған: 1 аумақтық және 29 учаскелік. Комиссия мүшелерінің саны 152 адамды құрайды, бүгінгі күні комиссия құрамында бос орындар жоқ. Бүгінгі күні аудандық және учаскелік референдум комиссиялары Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Коституциялық заңы бойынша арнайы тестілеуді толығымен,152 адам тапсырды.
Аудандық референдум комиссиясы мүдделі органдармен бірлесіп, ауданның барлық ауылдық округтерінің учаскелік комиссияларының республикалық референдум өткізуге дайындық жағдайын тексерді. Бүгінгі таңда референдумның барлық учаскелеріне телефон нөмірлері анықталды, телефондарға "зиянды қоңырау" қызметі, сондай-ақ "нөмірді анықтаушы" қызметі қосылды.
Учаскелік комиссияның үй-жайларында және дауыс беруге арналған үй-жайларда ОРК жеткізген барлық қажетті ақпарат орналастырылған. Бүгінгі күні ауданның учаскелік комиссиялары кеңсе керек-жарақтарымен, қажетті ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген. Аудандық комиссиямен 24 жаңа дауыс беру кабинкалары сатып алынды, олар бүгінде учаскелік комиссияларға берілді.
Бүгінгі таңда референдумға шақыру қағаздары таратылып, референдумның барлық учаскелері қажеттінің бәрімен толық жабдықталған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарға сәйкес ауданның барлық учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан.
Барлық 29 учаскеде дауыс беру күні "Бірінші рет дауыс берушіге естелік сыйлық", "Дауыс беру үшін учаскеге бірінші келген" акциялары ұйымдастырылатын болады, Кішкенекөл ауылында алты учаскеде әрбір жүзінші, бес жүзінші азаматқа сыйлықтар ұсынылатын болады.
Республикалық референдум өткізілетін күні барлық 29 учаскеде мерекелік сауда, сондай-ақ мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Аудандық референдум комиссиясы