2022 жылдың 27 ақпанында бір сайлау округі бойынша Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабы 9) тармақшасы, 44 бабы 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 бабына сәйкес, Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 178 азамат енгізілді, одан 172-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны — 5, «Бәріне қарсымын» - болған емес.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Әлжанов Е.С. – 62; Каркошев О.Ә. – 1; Сәдуақасов С.З. – 104.
Қарасу ауылдық округінің әкімі болып 1981 жылғы, Қарасу ауылдық округінің әкімі, Қарасу ауылдық округінің Аққұдық ауылында тұратын Сәдуақасов Сағындық Зұлхарнайұлы сайланды, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы