Ағымдағы жылдың 18 ақпанында облыстық сайлау комисиясының мүшесі Л. Б. Гордеева жұмыс сапарымен аудандық сайлау комиссиясында болды.
2022 жылдың 27 ақпанына тағайындалған алдағы тұрған жауапты науқан – Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауына дайындық барысымен танысты. Сайлауға Золотая Нива және Аққұдық ауылдарының екі сайлау учаскелері тартылатын болады.
Бүгінгі күнге учаскелік сайлау комиссиялары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.
Облыстық сайлау комиссиясы мүшесімен № 516 және 517 учаскелік сайлау комиссияларымен түсініктемелік жұмыс жүргізілді.