2022 жылғы 3 ақпанда Будапештте 2005 жылы сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясымен бекітілген Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Еуропа елдері сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде мерекеленеді.
Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары-қоғамның санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын қамтамасыз ету, қоғамды сайлау процесіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушыларда демократиялық құндылықтарға деген адалдықты қалыптастыру.
Сайланатын билікке сенім — бұл қоғамдық-саяси жүйе тұрақтылығының кепілі.
3 ақпанда № 528 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ермек Әбузәрұлы Дәулетжанов "Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің студенттерімен "Қазақстан Республикасының Сайлау жүйесі: тарихы және қазіргі заман" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Осы іс-шараны өткізу барысында студенттер сайлау туралы заңнаманың негізгі қағидаларымен танысты, сондай-ақ сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етілді.
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында өтетін Қарасу ауылдық округі әкімінің алдағы сайлауы туралы сұрақтарға жауап ала алды.