Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 20 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан – іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізу мүмкіндігі туралы ой айтылды.
Әкімдерді сайлау үшін негіздердің бірі:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңмен белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы.
Уәлиханов ауданында 11 ауылдық әкімнің өкілеттігі биыл заңнамаға сәйкес үш ауылдық округ әкімдерінде аяқталады.
Сайлау туралы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтық сайлау округі құрылады.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша үш сайлау округін құрды: Қайрат, Қаратерек және Телжан. Ауылдық округ әкімдерін сайлау Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен 2021 жылдың 25 шілдесіне белгіленді.
Конституциялық заңның 113-3-бабына сәйкес ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну:
белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялармен өз мүшелерінің қатарынан жасақталады. Саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;
азаматтар-өзін-өзі ұсыну тәртібімен, тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына ауылдық округ әкімдігіне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы;
аудан әкімі, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынса.
Бүгінгі таңда ұсыну рәсімі басталды.
Ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден жиырма сағатқа дейін өткізіледі. Дауыс берудің сайлау бюллетеніне "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы № 41-VII Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес "барлығына қарсы"деген жол енгізілді.
Сайлау күнінен кейін сайлау туралы заңнама талаптарының белгіленген нормаларына сәйкес Уәлиханов сайлау комиссиясы жеті күн мерзім ішінде өзінен Конституцияға және республика заңдарына сәйкес ауылдық округ әкімі мәртебесіне сәйкес келмейтін міндеттерін атқару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін сайланған ауылдық округ әкімдерін тіркеуге кіріседі ("Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Конституциялық заңның 45-бабы).
2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық жүргізу шеңберінде учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрайымдары мен хатшылары, аудандық сайлау комисиясының мүшелерінің онлайн-оқытуы жүргізілді.
Оқыту Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен ұйымдастырылды, барлығы 39 адам қамтылды. Лектор ретінде Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Торгашова Антонина Викторовна болды.
Оқыту барысында "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау процесінің ерекшеліктері", "Қазақстан Республикасының сайлау құқығы:қазіргі жай-күйі және даму перспективалары", "Ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары мен дауыс беру тәртібі" тақырыптары мұқият қаралды.
Оқу қатысушылары "Ауылдық округ әкімдерінің сайлау күні" атты іскерлік ойынына да қатысты.
Онлайн-оқыту соңында сайлау процесіне қатысушыларға тестілеу өткізілді.
Г. Сагалиева,
аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы