Меню

Страницы

Статья

Сайлау

Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы

2021 жылдың 14 сәуiрiнде бекiтiлген жоспарға сәйкес Уәлиханов ауданының Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмiнiң өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылғандығына орай округ әкiмiнiң сайлауы өткiзiлдi.

Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы бойынша барлық шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, аудандық сайлау комиссиясының күнтiзбелiк жоспарымен бекiтiлген тәртiппен және өз мерзiмiнде өткiзiлдi.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай аудандық сайлау комиссиясы Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмiне кандидаттар есебiнде 2 адамды тiркеген болатын.

Таңдаушылар-аудандық мәслихат депутаттарының берген дауыстары және Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмi сайлауының қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы Сатвалдин Қанат Өсербайұлы, 1972 жылы туған, қазақ, «Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының мiндетiн атқарушысы, Кiшкенекөл ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесiн Кiшкенекөл ауылдық округiнiң әкiмi ретiнде тiркедi.

Мерзiмiнен бұрын өкiлеттiлiгi тоқтатылған Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмiнiң орнына ауылдық округi әкiмiн сайлау жөнiнде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б. 2 т. және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын өкiлеттiлiгi тоқтатылған әкiмнiң орнына Кiшкенекөл ауылдық округi әкiмiне келесi кандидаттардың тiркелгендiгi жөнiнде хабарлайды:

  1. Сатвалдин Қанат Өсербайұлы, 1972 жылы туған, қазақ, «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының мiндетiн атқарушы, Уәлиханов ауданы Кiшкенекөл ауылының тұрғыны;
  2. Дүйсенов Ержан Абылайұлы, 1983 жылы туған, қазақ, «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң сектор меңгерушiсi, Уәлиханов ауданы Кiшкенекөл ауылының тұрғыны.

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылдың 10 наурызында Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісі өткізілген болатын, мәжіліс барысында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

  1. Өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу туралы.
  2. 2021 жылдың 14 сәуіріне тағайындалған Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары туралы.
  3. 2021 жылдың 14 сәуіріне тағайындалған Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының күнтізбелік жұмыс жоспары туралы.

Мәжіліс барысында басқадай мәселелер де қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Уәлиханов ауданы бойынша ауылдық округі әкімін сайлауы өткізілетін округ

№ Округ атауы Сайлау өткізу күні
1 Кішкенекөл ауылдық округі 14 сәуір 2021 жыл

Аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы өзінің құрамы мен мекен жайын хабарлайды:

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы

Орналасу мекен жайы: Кішкенекөл а., Уәлиханов көшесі, 85

1 қабат, тел./факс 8(71542)2-12-74

Төрағасы Хасенеев Біржан Сәкенұлы

Төрағасының орынбасары Оралов Төрежан Мухаммедхаирұлы

Хатшысы Сагалиева Гүлнәр Қапарқызы

Комиссия мүшелері Жайшикова Әлия Даулиқызы

Калижанова Жанна Хамитқызы

Макина Аксана Даулиқызы

Мендин Балтабек Әділханұлы

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының қаулысы «Өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» (ZIP 20 Kb)

Өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың 14 сәуіріне тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары (ZIP 13 Kb)

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 34 бабы 4 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттығына сайлау барысында саяси партиялардың  сайлау қорларына түскен қаражаттың жалпы көлемі және оның көздері туралы 

№ Іс-шаралардың атауы Саяси партиялардың атаулары
Партия «Nur Otan» Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл» Политическая партия «ADAL»
1 Саяси партиялардың сайлау қорына түскен қаражаттың барлығы, оның ішінде: 7332000,0 200000,0 250000,0
1.1 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялақ Заңының 106-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес саяси партияның өз қаражаты 7332000,0 200000,0 250000,0
1.2 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялақ Заңының 106-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылықтары      

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы

Белгiшелер тапсырылды

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес 2021 жылдың 15 қаңтарында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Хасенеевтың төрағалығымен Уәлиханов аудандық мәслихатының жетiншi шақырылымының бiрiншi сесссиясы ашылды.

2021 жылдың 10 қаңтарында өткiзiлген аудандық мәслихат депутаттарының сайлауының қорытындысы бойынша Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде «Nur Otan» партиясының партиялық тiзiмiнен 9 депутат және «Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясының партиялық тiзiмi бойынша 2 депутат сайланды.

Жаңадан сайланған депутаттық корпустың депутаттарына аудандық сайлау комиссиясының төрағасымен арнайы белгiшелер тапсырылып, қызметтерiне табыс тiледi.

Уәлиханов аудандық мәслихатының жетiншi шақырылымының
бiрiншi сессиясын шақыру туралы

«Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Уәлиханов аудандық мәслихатының жетiншi шақырылымының бiрiншi сессиясы 2021 жылдың 15 қаңтары жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13-00-ге шақырылсын.

Комиссия төрағасы Б.Хасенеев

Уәлиханов аудандық сайлау
комиссиясының 2021 жылғы
14 қаңтардағы № 1
қаулысына қосымша

Уәлиханов аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаттарын тіркеу туралы хабарлама

 Уәлиханов аудандық мәслихатының жетінші шақырылымы депутаттарының сайлауының қорытындылары бойынша келесі депутаттар тіркелді:

1. «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша:

Р. №

Аты-жөні, тегі

Туған жылы, атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмысы және тұрғылықты жері

1

Абдулов Мұрат Тоқмағанбетұлы

29.06.1976., басшы, «Казпочта» АҚ СҚОФ ПБАБ.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы,

Островский көшесі, 41.

2

Абишев Ержан Бауыржанұлы

21.091987., басшы, ҚР ААҮ СҚО халыққа қызмет қөрсету бойынша Уәлиханов ауданының бөлімі.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Хасенов, 4.

3

Винниченко Лариса Юрьевна

13.01.1976., бастауыш сыныптардың мұғалімі, «СҚО Уәлиханов ауданының Чехов орта мектебі» КММ.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Ақбұлақ ауылы, Фрунзе, 13, 2 пәтер.

4

Жантлеуов Кенжебек Қайырбекұлы

06.06.1967., басшы, «Қазанат» ФШ.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, С.Сәдуақасов, 96.

5

Латыпова Маржан Маратқызы

24.12.1966., төрағаның бірінші орынбасары, «Nur Otan» партиясы ҚБ» Уәлиханов аудандық филиалы.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл, 140а, 17 пәтер.

6

Сатыбалдин Амангелді Солтанұлы

14.03.1967., басшы, «Сатыбалды» ФШ.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Бидайық ауылы,

Жапаров, 38, 2 пәтер.

7

Ташкин Сайран Кенжетайұлы

04.05.1961., директор, «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ.

8

Топанбаева Бибинур Бейсенбайқызы

27.11.1974., директор, «Нұрлы ел» ЖШС.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ә.Әбішев, 64.

9

Хайргельдинов Руслан Ерланұлы

06.03.1992., тарих пәнінің мұғалімі, «СҚО Уәлиханов ауданының № 2 ішінара интернатты Кішкенекөл орта мектебі» КММ.

ҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Абай, 142.

2. «Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша

Р №

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы, атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмысы және тұрғылықты жері

1

Капышев Қызыр Қойшыбайұлы

06.10.1962., Қулыкөл ауылдық округі бойынша ветеринарлық фельдшері.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Қулыкөл ауылы, Сатпаев көшесі, 1 үй.

2

Сабырова Сандуғаш Джангелдіқызы

17.03.1995., бухгалтер, «Уәлиханов ауданының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК.

СҚО, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы,

Жамбыл көшесі, 126, 2 пәтер.

Уәлиханов аудандық
сайлау комиссиясы

VII шақырылымның Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауының қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылдың 10 қаңтарында бiрыңғай сайлау округi бойынша Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауы өткiзiлдi.

Аудан бойынша сайлаушылар тiзiмiне 9520 азамат енгiзiлдi, одан сайлау бюллетендерiн алған 9041 адам немесе 94,97 пайыз.

Сайлауға 8866 адам енгiзiлдi, одан 4 сайлаушы есептен шығару куәлiктермен және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс — 151 сайлаушы дауыс бердi.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Дауыс беру барысында саяси партиялар үшiн келесiдей дауыстар берiлдi:

«Nur Otan» партиясы — 7215 дауыс немесе сайлауға қатысқан сайлаушылардың 82,34%.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 1315 дауыс немесе сайлауға қатысқан сайлаушылардың 15,01%.

«ADAL» саяси партиясы — 232 дауыс немесе сайлауға қатысқан сайлаушылардың 2,65%.

Сайлауға қатысқан сайлаушылар дауысынан жетi және артық пайыз алған саяси партиялар белгiлендi:

«Nur Otan» партиясы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.

Саяси партиялар үшiн депутаттық мандаттардың келесi бөлiнуi бекiтiлдi:

«Nur Otan» партиясы — 9 мандат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 2 мандат.

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы

Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы маслихат депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау кезінде сайлау қорлары қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есеп 2021 жылғы 05 қаңтардағы жағдай бойынша (ZIP 19 Kb)

Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы маслихат депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау кезінде сайлау қорлары қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есеп 2020 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша (ZIP 10 Kb)

Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы маслихат депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау кезінде сайлау қорлары қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есеп 2020 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша (ZIP 14 Kb)

Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы маслихат депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау кезінде сайлау қорлары қаражатының түсуі және жұмсалуы туралы есеп (ZIP 8 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және орналасу орындары туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13 бабы 4 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандық

сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аумақтық комиссиясының құрамын және орналасу орнын хабарлайды:

№ п/п Аумақтық сайлау комиссиясының орналасу орны Телефоны Аумақтық сайлау комиссиясыныңқұрамы
1 151200, Кішкенекөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 85, каб. 1, аудан әкімінің аппараты Коды 8(71542); тел/факс 2-12-74

Төраға – Хасенеев Біржан Сәкенұлы;

төрағаның орынбасары – Мендин Балтабек Әділханұлы;

комиссия хатшысы – Сагалиева Гүлнәр Қапарқызы;

комиссия мүшелері: Жауаров Азамат Амантайұлы, Калижанова Жанна Хамитқызы, Макина Аксана Дәулиқызы, Оралова Салтанат Мұратқызы.

Уәлиханов ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасу орындары және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама (ZIP 32 Kb)

Тіркеу жүргізілді

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыңкүнтізбелік жоспарына сәйкес 2020 жылдың 08 желтоқсанында аудандық сайлау комиссиясымен Уәлиханов аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың «ADAL» саяси партиясықоғамдық бірлестігіненпартиялық тізімінің тіркелуі жүргізілді.

Аудандық сайлау комиссиясы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жұмыс істеуде.

Тіркеу жүргізілді

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалғанҚазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыңкүнтізбелік жоспарына сәйкес 2020 жылдың 05 желтоқсанында аудандық сайлау комиссиясымен Уәлиханов аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың «Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясы»қоғамдық бірлестігіненпартиялық тізімінің тіркелуі жүргізілді.

Аудандық сайлау комиссиясы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жұмыс істеуде.

Хабарлама

2020 жылдың 30 қарашасында Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 103-бабына сәйкес «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі филиалының Уәлиханов аудандық мәслихат депутаттығына партиялық кандидаттар тізімі ұсынылды.

Хабарлама

2020 жылдың 29 қарашасында Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 103-бабына сәйкес «Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл»» Партиясы» қоғамдық бірлестігі филиалының Уәлиханов аудандық мәслихат депутаттығына партиялық кандидаттар тізімі ұсынылды.

Тіркеу жүргізілді

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыңкүнтізбелік жоспарына сәйкес 2020 жылдың 23 қарашасында аудандық сайлау комиссиясымен аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың «Nur Otan» Партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінінің тіркелуі жүргізілді.

Аудандық сайлау комиссиясы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жұмыс істеуде.

Кандидаттардың ұсынылуы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалғанҚазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыңкүнтізбелік жоспарына сәйкес 13 қарашада «Nur Otan» Партиясы» қоғамдық бірлестігінен аудандық мәслихаттың депутаттағына кандидаттардың ұсынылуы өткізілді.

Бекітілген талаптарға сай аудандық филиалмен кандидаттарға тиісті барлық қажетті құжаттар ұсынылды. Барлығы 22 кандидат, одан 7-уі – әйелдер. 18 кандидат - жоғары білімді.

Аудандық сайлау комиссиясы Уәлиханов аудандық мәслихатына депутаттарды сайлау бойынша бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жұмыс істеуде.

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (ZIP 31 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және орналасу орындары туралы хабарлама (ZIP 34 Kb)

Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 6) тармақшасы, 21 бабының 4 тармағы, 22 бабына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағының шекараларында Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.

2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болсын.

Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Хасенеев

Комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының кезектi мәжiлiсi өткiзiлдi.

Күн тәртiбiне Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу мәселесi енгiзiлдi.

2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған облыстық және аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспары және аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарлары бекiтiлдi.

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының және облыстық пен аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектi сайлауын әзiрлеу мен өткiзу науқанына аудандық сайлау комиссиясы мүшелерiнiң кезекшiлiк жоспары бекiтiлдi.

Мәжiлiс барысында басқадай мәселелер де қаралды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша аудандық сайлау комиссиясының тиiстi қаулылары қабылданды.

Мерзiмiнен бұрын өкiлеттiлiгi тоқтатылған Ақбұлақ ауылдық округi әкiмiнiң орнына ауылдық округi әкiмiн сайлау жөнiнде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының
хабарламасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б. 2 т. және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын өкiлеттiлiгi тоқтатылған әкiмнiң орнына Ақбұлақауылдық округi әкiмiне келесi кандидаттардың тiркелгендiгi жөнiнде хабарлайды:

1. Жексембаев Қанат Серiкбайұлы, 1983 жылы туған, қазақ, бүгiнгi күнi уақытша жұмыссыз, Уәлиханов ауданы Кiшкенекөл ауылының тұрғыны;

2. Темiрханов Қуаныш Сансызбайұлы, 1986 жылы туған, «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ құқықтық сұрақтары жөнiндегi бас маманы, Уәлиханов ауданы Кiшкенекөл ауылының тұрғыны.

2020 жылдың 25 тамызында аудандық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізілді, мәжіліс барысында келесі мәселелер қаралған болатын:

Өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Уәлиханов ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу туралы. 2020 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалған Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары туралы. 2020 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалған Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының күнтізбелік жұмыс жоспары туралы.

Мәжіліс барысында басқадай мәселелер де қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Учаскелiк сайлау комиссияларының түгендеуi туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылдың 22 мамырындағы №10/304 қаулысына орай республика бойынша орналасқан барлық сайлау учаскелерiнiң түгендеуi жүргiзiлген болатын.

Уәлиханов ауданында да осы бағытта бiрқатар жұмыстар жүргiзiлдi. Уәлиханов ауданы әкiмiнiң шешiмiмен 2020 жылдың 1 маусымында сайлау учаскелерiнiң түгендеуiн өткiзу бойынша бекiтiлген ұсыныстарға орай ауданымызда екi жұмыс тобы құрылды, 4-15 маусым аралығында олармен қажеттi жұмыс атқарылды.

Уәлиханов ауданы аумағында аудан әкiмiнiң 2019 жылдың 11 наурызындағы №3 шешiмiне сәйкес 29 сайлау учаскелерi құрылған, одан- алтауы аудан орталығы-Кiшкенекөл ауылында орналасса, қалғандары әр елдi мекенде жұмыс жасауда.

Өткiзiлген түгендеу қорытындалары бойынша барлық учаскелiк комиссиялары орналасқан кеңсе-жайлар қанағаттанарлық жағдайда.

Жиырма тоғыз учаскелiк комиссиялардан жиырма сегiзiнiң ғимараттары мемлекеттiк меншiкке жатады, бiреуi — жеке меншiкте. Он сегiз сайлау учаскелерi мектеп ғимараттарында, бiр учаске — ауыл шаруашылық колледжiнде, екеуi — медициналық пункттерде, бiреуi — темiр жол вокзалында болса, бiреуi — «Кызылту су арнасы» ЖШС орналасып отыр.

Ауданымыздағы жиырма тоғыз объектiден жиырма төртi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мүгедектер үшiн қол жетiмдi картасына енгiзiлiп отыр.

Барлық сайлау учаскелерiнде телефон байланысы орнатылған. Алайда, ғимараттарда интернет желiсi болса да, он бiр комиссия жұмыс жасайтын жайларда интернет желiсi қосылмаған.

Учаскелiк сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттардан жетiсiнде бейне бақылау жүйесi жұмыс жасауда, қалған жиырма екi учаскелерiнде сайлау өткiзу барысында ноутбук, немесе тиiстi функциялары бар цифрлық аппаратура iске қосылады.

Ауданымыздағы жиырма тоғыз учаскеден мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн сайлау учаскелерiне қойылатын талаптардан қол жетiмдiлiгi — он бiр.

Сайлау науқаны барысында ауданымыздың жергiлiктi атқарушы органдары ауданымыздың сайлау учаскелерiн мемлекеттiк нышандар, компьютерлiк техника және басқадай қажеттi жабдықпен қамтамасыз етедi. Қажеттiлiк бьойынша ЖАО ұйымдастырушылқ мәселелердi де шешуге ықпалын тигiзедi.

Учаскелiк комиссиясияларға қажеттi кеңсе тауарлары, урна, маңдайшалар, журналдар, әдiстемелiк нұсқаулықтар және басқадай керек заттар аумақтық сайлау комиссиясымен жеткiзiледi. Тиiсiнше, учаскелiксайлау комиссиясы жоғарыда көрсетiлген құндылықтарға жауапты, сонымен қатар сайлау барысында сайлау учаскесiн талаптарға сай ресiмдеп, жасырын дауысқа арналған кабинкаларды дайындап, орнатуға, тиiстi стендтердi ресiмдеуге жауапты болып тұрады.

Бүгiнгi күнге аудандық мәслихатпен учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы бекiтiлген.

Аудан бойынша барлығы жиырма тоғыз учаскелiк сайлау комиссиялары жұмыс iстеуде. Әр комиссияның құрамында — бес адамнан.

Б. Хасенеев, аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы

Алдымызда — сайлау учаскелерiнiң түгендеуi

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен республика бойынша сайлау учаскелерiнiң түгендеуiн жүргiзу бойынша арнайы қаулы қабылданды.

Сайлау учаскелерiнiң түгендеуi сайлаушылардың дауыс беру барысында және учаскелiк комиссиялардың қызметi үшiн қажеттi материалдық-техникалық жағдайларды анықтау үшiн өткiзiлетiн болады.

Маусымның бiрiншi күнi ауданымыздың аумақтық сайлау комиссиясының кезектi мәжiлiсi өткiзiлiп, оның барысында Уәлиханов ауданының сайлау учаскелерiнiң түгендеуiн өткiзу мәселелерi қаралды.

Комиссия мүшелерiмен түгендеудi өткiзу және сайлау учаскесiнiң паспортын дайындау бойынша ұсыныстар талқыланды.

Бүгiнгi күнге Уәлиханов ауданының сайлау учаскелерiнiң түгендеуiн өткiзу бойынша аудан әкiмiнiң тиiстi өкiмi шығарылып, мүдделi тұлғаларға жеткiзiлдi.

Түгендеудiң қорытындылары бойынша қосымша жабдықтау, сайлаушылар үшiн жағдайларды ұйымдастыру бойынша қажеттiлiк және ауданның әр сайлау учаскесiне арнайы құжат дайындалатын болады.

Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы

2020 жылдың 11 наурызында бекiтiлген жоспарға орай Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылғандығына орай сайлау өткiзiлдi.

Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы бойынша барлық шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, аудандық сайлау комиссиясының күнтiзбелiк жоспарымен бекiтiлген тәртiппен және өз мерзiмiнде өткiзiлдi.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай аудандық сайлау комиссиясы Амангелдi ауылдық округi әкiмiне кандидаттар есебiнде 2 адамды тiркеген болатын.

Таңдаушылар-аудандық мәслихат депутаттарының берген дауыстары және Амангелдi ауылдық округi әкiмi сайлауының қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы Құрманбаев Саян Бекболатұлын, 1982 жылғы, «СҚО Уәлиханов ауданы Озерная орта мектебi» КММ математика және физика пәндерiнiң мұғалiмi, Уәлиханов ауданы Тiлеусай ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесiн Амангелдi ауылдық округiнiң әкiмi ретiнде тiркедi.

Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң 2020 жылдың 11 наурызына тағайындалған сайлауын дайындау және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шараларының күнтiзбелiк жоспары (ZIP 6 Kb)

Кандидаттардың тіркелуі жүргізілді

Мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтатылған Амангелді ауылдық округі әкімінің орнына ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б. 2 т. және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтатылған әкімнің орнына Амангелді ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:

  1. Құрманбаев Саят Бекболатұлы, 1982 жылы туған, қазақ, «СҚО Уәлиханов ауданы Озерная орта мектебі» КММ математика және физика пәндерінің мұғалімі, Уәлиханов ауданы Тілеусай ауылының тұрғыны;
  2. Умбетова Айтжамал Серікқызы, 1989 жылы туған, «СҚО Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жетекші маманы, Уәлиханов ауданы Тілеусай ауылының тұрғыны.

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы қаулы «Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауын өткiзу туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабы 2 тармағына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы қаулы етедi:

1. Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы 2020 жылдың 11 наурызында өткiзiлсiн.

Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiне кандидаттарды ұсыну 2020 жылдың 10 ақпанында басталады және 2020 жылдың 15 ақпанында жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiне кандидаттарды тiркеу барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн басталады және 2020 жылдың 25 ақпанында жергiлiктi уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

2. Аудандық сайлау комиссиясы сайлау iс-шараларын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткiзудi қамтамасыз етсiн.

3. Өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын аяқталған Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелдi ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы жөнiнде жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарлансын.

4. Осы қаулы аудандық газеттерде жариялансын.

5. Аудандық сайлау комиссиясының құрамы, оның орналасуы мекен жайы көрсетiлуiмен аудандық газеттерде жариялансын.

Комиссия төрағасы
Б. Хасенеев

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы

Орналасу мекен жайы: Кішкенекөл а., Уәлиханов көшесі, 85, 1 қабат, тел./факс 8(715)42-2-12-74

Төрағасы — Хасенеев Біржан Сәкенұлы.

Төрағасының орынбасары — Оралов Төрежан Мухаммедхаирұлы.

Хатшысы — Сагалиева Гүлнәр Қапарқызы.

Комиссия мүшелері — Жайшикова Әлия Даулиқызы, Калижанова Жанна Хамитқызы, Макина Аксана Даулиқызы, Мендин Балтабек Әділханұлы.

Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2020 жылдың 6 ақпанында аудандық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізілді, мәжіліс барысында келесі мәселелер қаралған болатын:

  1. Өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу туралы.
  2. 2020 жылдың 11 наурызына тағайындалған Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының жұмыс жоспары туралы.
  3. 2020 жылдың 11 наурызына тағайындалған Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу жөніндегі аудандық сайлау комиссиясының күнтізбелік жұмыс жоспары туралы.

Мәжіліс барысында басқадай мәселелер де қаралды.

Күн тәртібіне енгізілген барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Уәлиханов ауданы бойынша ауылдық округі әкімін сайлауы өткізілетін округ

№ Округ атауы Сайлау өткізу күні
1 Амангелді ауылдық округі 11 наурыз 2020 жыл
Дата публикации
31 мая 2021
Дата обновления
31 мая 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы