Меншiк иесi: «Нұрлы ел» ЖШС
ЖШС Директоры, газеттiң бас редакторы: Бибiнұр Бейсембайқызы Топанбаева
Aпта сайын басылып шығарылады: әр дүйсенбi сайын
01.01.2015 ж. таралымы — 2500 дана
Мекен-жайы: 151200, Уәлиханов ауданы, Кiшкенекөл с., Гагарин к., 79
Тел./факс: 8 (71542) 20-0-27
E-mail: Nurlyel2011@mail.ru
1935 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығарылады
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:
Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.
Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:
Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісі, Анықтама телефондары: +7 (7172) 74 09 97, 74 02 17, 74 13 41, 74 05 11
Қағидаға сілтеме http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041
Аудандық газеттiң алғашқы нөмiрi 1935 жылдың 1 қаңтарында шықты. Ол кезде «ҚызылТу» және «Красная знамя» деп аталды. Газеттердiң бiрiншi редакторы болып Имақ Исаұлы Тоқпанов тағайындалды. Бұл газеттер 1997 жылға дейiн жарық көрген.
1997 жылы газет «Ел тынысы» атты болып шыға бастаған.
2002 жылы «Ел тынысы» ЖШС-гi құрылып, оның редакторы болып Ғалия Ғабдуәлиқызы Нұрышкина басқарған.
2004 жылы «Ел тынысы» газетiнен басқа мемлекеттiк тiлдегi «Шұғыла» газетi жарыққа шыға бастады.
2010 жылдан жаңадан «Нұрлы ел» ЖШС-гi құрылды, оның бас редакторы болып Бибiнұр Бейсембайқызы Топанбаева тұрды. Бұл ЖШС екi «Кiшкенекөл таңы» және «КызылТу» газеттерiн шығарады, бүгiнгi күнi аудан әкiмiнiң мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыратын аудан әкiмiнiң ресми басылымы болып табылады.
Қазiрi уақытта газет аптаның дүйсенбi күнi 8 беттiк көлемде шығады. Түрлi түстi бояуда шығарылады және басылымдарға қойылатын барлық стандарттарға сәйкес келедi. Ауданда да, облыста да абыройлы және танымал басылым болып табылатындықтан, аудандық газетiнiң активiнде 2500 астам жазылушы бар.
Басылымның меншiк иесi «Нұрлы ел» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып табылады.