Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді оңалту

22.02.2021

Мүгедектер ісі бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 1 ақпаң күніне ауданда мүмкіндігі шектеулі адамдар саны — 514 (бес жүз он төрт). Соның ішінде 55 бала —  мүгедек, 459 ересек мүгедектер.

  • 1 топқа — 40 адам
  • 2 топқа — 196 адам
  • 3 топқа — 223 адам жатады.

459 мүгедектердің арасында 341 (үш жүз қырық бірі) жұмысқа жарамды жастағылар және 118 (жүз он сегіз) зейнеткер.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектер облыстық бюджет қаражатынан оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2021 жылы міндетті гигиеналық, сурдотифло құралдармен қамтылуы жоспарланды:

  • республикалық бюджеттен — 15280,0 мың.тг
  • аудандық бюджеттен — 2600,0 мың.тг.

Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтеріне аудандыұ бюджеттен — 8582,0 мың.тг бөлінді.

Жылдың басынан бастап келесі оңалту құралдарына қажеттілік бар:

  • гигиеналық құралдарға 33 мүгедек жүгінді, 26 қамтылды;
  • санаторлы-курорттық емделуге — 18 адам жүгінді;
  • жеке көмекшінің қызметімен — 19 адам қамтылды;
  • сурдо-тифлотехникалық құралдарға — 1 адам жүгінді (қамтылғаны — 1); протездік-ортопедиялық құралдарға — 8 адам жүгінді;
  • кресло-арбаға — 3 адам жүгінді;

Уалиханов ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек жөнінде ақпарат

2021 жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға барлығы 35 249 мың теңге бөлінді. Соның ішінде:

 — республикалық бюджеттен — 28 199 мың теңге;

— жергілікті бюджеттен — 7 050 мың теңге;

— кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға — 7 575 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша бүгінгі күні 64 отбасының өтініші автоматты түрде ұзартылып, 8 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдірді. Нәтижесінде 49 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (соның ішінде 17 көпбалалы отбасы) 5841,3 мың тенгеге тағайындалды. Бүгінгі күні 49 отбасыға 3 350 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 21 отбасына атаулы көмек тағайындаудан бас тартылды:

— жан басына шыққандағы орташа табыстын кедейлік шегінен артық болу — 18 отбасы;

— белсенді шараларға қатысудан бас тарту — 1 отбасы;

— әлеуметтік келісімшарт талаптарын сақтамау — 2 отбасы;

АӘК алушылар санынан 39 отбасыға (67 балаға) кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды. Оның ішінде 1-ден 3 жасқа дейінгі 28 балаға, 3-тен 6-ға дейінгі 39 балаға.

Ауылдық округтер бойынша:

№ Ауылдық округтер Отбасы саны Адам саны
1 Кішкенекөл 27 131
2 Ақтуйесай 2 11
3 Амангельді 1 2
4 Бидайық 6 36
5 Көктерек 2 12
6 Қайрат 1 4
7 Қаратерек 2 7
8 Қарасу 1 8
8 Кулыкөл 1 5
10 Телжан 3 15
11 Ақбулақ 3 13
Итого   49 244

Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар айында кедейлік деңгейі 1,5% құрайды (2019 жылғы статистикалық карта бойынша аудан тұрғындарының саны 16 152 адам).

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге, сонын ішінде мүгедек балаларға, 18-ден асқан психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы 2021 жылғы 22-ші ақпанға ақпарат.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-IV «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы бойынша Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс атқарады. Бөлімшеде штаттық кесте бойынша 1 меңгеруші, 1 әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесші, 1 бағамдау маманы және 23 күтім бойынша әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуде.

2021 жылдың 22-ші ақпанға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесімен 90 адам қызмет алуда. Соның ішінде: мүмкіндігі шектеулі балалар — 14 адам, 18–ден асқан психоневрологиялық ауруларға шалдыққан тұлғалар — 2 адам, жалғызбасты қарттар — 74 адам.

8 бала үйде оқуда және үйде тәрбиелеу мен оқу төлемдерін алады, 4бала денсаулығына байланысты оқи алмайды, 2 бала мектепке дейінгі жаста. Сонымен қатар 9 мүгедек бала гигиеналық құралдармен қамтамасыз етеді.

2021 жылдың басынан үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 1 өтініш түсті және қанағаттандырылды, стационар бойынша 1 өтініш түсті және психоневрологиялық әлеуметтік-медициналық ұйымға 2-ші топтағы 1 мүгедек жіберілді, жартылайстационар бойынша өтініштер түскен жоқ.

Жыл басынан қызметтен 4 адам алынды (соның ішінде қайтыс болған-3 адам, үй-интернатына жіберу — 1 адам).

22-ші ақпанына аудан бойынша 16 адам қамқоршы болып тағайындалған. Соның ішінде: Кішкенекөлде — 9 адам, Ақтүйесай округінде — 2 адам, Бидайық округінде — 2 адам, Ақбұлақ округі бойынша — 1 адам, Телжан округінде — 2 адам.

Мемлекеттік емес 4 — реттік Бағдарлама бойынша жыл басынан көмек көрсетілген жоқ.

Үйде арнаулы көмек көрсету
бөлімшесінің меңгерушісі А.Манатов

30.03.2020 ж.

Мүгедектер ісі бойынша ақпарат

1 сәуірге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердің оңалту құралдарымен қамтылуы:

1. Санаторлы-курорттық емделуге - 13 адам.

2. Жеке көмекшінің қызметімен - 10 адам.

3. Сурдо-тифлотехникалық құралдармен - 2 адам.

4. Протезді-ортопедиялық құралдармен – 5 адам.

5. Жүріп-тұру құралдарымен – 6 адам.

Аудан аумағында 412 мүгедек тұрады, соның ішінде топ бойынша: 1 топ – 85 адам, 2 топ – 131 адам, 3 топ – 196 адам,18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 57 адам.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектер облыстық бюджет қаражатынан оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2020 жылдың басында мүгедектердің техникалық және әлеуметтік құралдармен қамтылғаны:

- санаторлы-курорттық емделуге - 13 адам (қамтылғаны — 13);

- жеке көмекшінің қызметімен -20 адам, (10 адам Жұмыспен қамту бөлімімен келісім-шарт жасады)

- сурдо-тифлотехникалық құралдармен - 2 адам (қамтылғаны – 11);

- протезді-ортопедиялық құралдармен – 5 адам (қамтылған — 18);

- гигиеналық құралдармен – 47 адам, қамтылғаны 39 адам.

2020 жылы міндетті гигиеналық құралдармен қамтылуы қарастырылды:

- республикалық бюджеттен – 6124,0 мың тг.

- мемлекеттік бюджеттен – 3292,0 мың тг.

Жылдың басынан бастап 47 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтылды.

Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтеріне мемлекеттік бюджеттен – 6300,0 мың тг. бөлінді.

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде кедергісіз орта құру:

70 ұйымнан: 12 мемлекеттік басқару органдары, 13 – денсаулық сақтау, 26 – білім беру, 7 – мәдениет, 1 – транспортты қызмет көрсету және 11 өзгелер.

Нақты паспортталған 70 объектіден, мүгедектер үшін қолжетімділік бейімделген 70 объект (100%).

2019 жылға 9 объект жоспарланды және бейімделді (АО «Казпошта», Қондыбай клубы, Кузексай клубы, «Қызылту»дүкені , «Байтерек» дүкені , «СҚО Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі, Золотая-Нива ауылының МП-і, АО «Казахстан Темир жолы» Қызылту ст, аудандық маслихат).

2020 жылдың 5 наурызында 3 объект жоспарланды. («Центр досуга» Тельжан, МП. Жамбыл, МП. Ундрус).

Қолжетiмдiлiк қамтылды

2018 жылдың 01 қарашасына аудан бойынша жоспарланған кестеге сәйкес 5 объектiден 4 объектi («Өндiрiс, Телжан, Мортық медициналық пунктерi және «Ару» сауда үйi) мүгедектердiң қолжетiмдiгiн қамтамасыз еттi.

10 тамыз 2018

«Қазақстанда iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» конкурсы

Ағымдағы жылдың 10 тамызында облыс бойынша өткiзiлген «Қазақстанда iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» конкурсына қатысқан «Тепе теңдiктi қамту» жобасымен Жапарова Салтанат Сапарқызы жүлдегер атанды.

Оңалту құралдарымен қамтылды

2018 жылдың 03 шiлдесiне аудан бойынша:

  • 10 мүгедек жүрiп-тұру құралымен;
  • 2 мүгедек сурдотехникалық құралдарымен;
  • 2 мүгедек тифлотехникалық құралдарымен;
  • 6 мүгедек протездi-ортопедиялық құралдарымен;
  • 5 мүгедек санаторлы-курорттық емге жолдамамен;
  • 14 мүгедек жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметiмен;
  • 40 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтылды.

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
бас маман Қ. Габдулуахитова

Жоба «Тепе-тең»

Солтүстiк Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы Кiшкенекөл селосы 2018 ж.

Жобаның авторы — Жапарова Салатанат Сапаровна, жеке кәсiпкер.

Мақсаты: Қоғамдық iс-шараларға қатысу

Мiндеттерi:

  1. Қоғамдағы қорғалмаған ортамен араласу.

Жобаның нәтижелерi:

  1. Тепе-теңдiлiктiң белсендiлiгiн арттыру.

Жобада жыл сайын 100 аса балалар тартылды.

Қаржыландыру көздерi:

  • өз демеушiлiк қаражатым.

2018 жылға арналған әлеуметтiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн бейiмдеу жоспары (ZIP 125 Kb)

«2017 жылы Қазақстанда iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар»

А.ж. «2017 жылы Қазақстанда iске асырылатын үздiк әлеуметтiк жобалар» конкурсына аудан бойынша «Мейiрiмдi әлем жаса» тақырыбына «Жолдасбай-Агро» ФШ басшысы С. Жолдасбаев қатысуға өтiнiш ұсынды.

Оңалту құралымен қамтылғандар

А.ж. 15 мамырына аудан бойынша оңалту құралымен қамтылған 71 адам:

  • 18 адам санаторлы-курорттық жолдамамен;
  • 6 протездi-ортопедиялық құралымен;
  • 4 адам сурдотехникалық құралымен;
  • 2 адам тифлотехникалық құралымен;
  • 1 адам жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметiмен;
  • 40 адам гигиеналық құралмен қамтылды.

Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы

Объектiлердi бейiмдеу жұмысы

Аудан бойынша 77 объектiден — 12 объект халықтың аз мобильдi тобына қолжетiмдi деп танылды (15,5%), («Уәлиханов ауданының әкiм аппараты» ММ-сi, «Кiшкенекөл ауылдық округiнiң әкiм аппараты» ММ-сi, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Уәлиханов ауданының аудандық орталық емханасы» КММ-сi, «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» КММ-сi, «№ 1 Кiшкенекөл орта мектебi», «Аудандық бiлiм бөлiмi» ММ-сi, «Аудандық Мәдениет үйi» КМҚК, «Чехов орта мектебi» КМК, Өндiрiс орта мектебi, Береке негiзгi мектебi және «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-сi).

Мүгедектердi қамту

2015 жылы:

  • 41 мүгедек гигиеналық құралмен;
  • 7 мүгедек кресло-арбамен;
  • 17 мүгедек протездi ортепедиялық құралмен;
  • 2 мүгедек жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметiмен;
  • 15 мүгедек санаторлы-курорттық емделумен;
  • 1 мүгедек тифлотехникалық құралмен қамтылды.

Қазiргi таңдағы заңнамаға сәйкес ауданның мүгедектерi жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық емделумен, мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Жеке оңалту құралдарымен аудан мүгедектерiн қамту үшiн 2014 жылы барлық деңгейдегi бюджеттерден 5 кресло-арба,санаторлық курортық емделуге 9 жолдама алынып, 8 протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтылды.

Мiндеттi гигиеналық құралдармен 36 мүгедектердi, 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметiмен қамту үшiн 2014 жылы жергiлiктi бюджеттен 799,0 мың.теңге бөлiндi.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы