2021жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға барлығы 35 249 мың теңге бөлінді. Соның ішінде:
Аудан бойынша бүгінгі күні 64 отбасының өтініші автоматты түрде ұзартылып, 8 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдірді. Нәтижесінде 49 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (соның ішінде 17 көпбалалы отбасы) 5841,3 мың тенгеге тағайындалды. Бүгінгі күні 49 отбасыға 3 350 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 21 отбасына атаулы көмек тағайындаудан бас тартылды:
АӘК алушылар санынан 39 отбасыға (67 балаға) кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды. Оның ішінде 1-ден 3 жасқа дейінгі 28 балаға, 3-тен 6-ға дейінгі 39 балаға.
Ауылдық округтер бойынша:
|
№ |
Ауылдық округтер |
Отбасы саны |
Адам саны |
|
1 |
Кішкенекөл |
27 |
131 |
|
2 |
Ақтуйесай |
2 |
11 |
|
3 |
Амангельді |
1 |
2 |
|
4 |
Бидайық |
6 |
36 |
|
5 |
Көктерек |
2 |
12 |
|
6 |
Қайрат |
1 |
4 |
|
7 |
Қаратерек |
2 |
7 |
|
8 |
Қарасу |
1 |
8 |
|
8 |
Кулыкөл |
1 |
5 |
|
10 |
Телжан |
3 |
15 |
|
11 |
Ақбулақ |
3 |
13 |
|
Итого |
|
49 |
244 |
Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар айында кедейлік деңгейі 1,5% құрайды (2019 жылғы статистикалық карта бойынша аудан тұрғындарының саны 16 152 адам).
30.03.2020 ж.
2020 жылдың 1 қантарынан бастап, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілдемелері жұмыс істей бастады. Жаңадан берілетін жәрдемақы отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріле бастады. Аудан бойынша 237 көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындалды. Осы тұрғыда халықтың әлжуаз тобы арасында әлеуметтік шиеленісті туындатпау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірқатар жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілді.
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша барлық ауылдық округтер тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары атқарылып, әлеуметтік желі парақшаларына, ақпараттық құралдарға, бөлім және орталықтың ресми сайттарына ақпараттар, роликтер орналастырылды. Барлық халыққа қызмет көрсету ұйымдар ғимараттарына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша анықтамалық ақпарат ілінді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ауылдық округі әкімдіктерінде арнайы стендтер қойылды. Барлық мамандар атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа ережесімен таныстырылды. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері, бөлім және орталықтың мамандарынан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесін білуі бойынша тестілеу жұмысы жүргізілді.Барлық кеңес алушыларға кеңес беріліп, брошюралар таратылып, жұмыспен қамтудың барлық жәрдемдесу шаралары таныстырылды.
2020 жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға барлығы 34,833 мың теңге бөлінді. Соның ішінде республикалық бюджеттен 31,192 мың теңге, жергілікті бюджеттен 3,641 мың теңге бөлінді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 6,923мың теңге жоспарланды.
Аудан бойынша бүгінгі күні жұмыспен қамту орталығынан атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 276 отбасы кеңес алса, 99 (507 адам) отбасы көмек алу үшін өтініш білдіріп, 80 (407 адам) отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 19 отбасына көмек тағайындаудан бас тартылды. (Себебі табыс көлемінің артуы, екіден жоғары жылжымайтын мүлкінің болуы, құжаттардын толық болмауынан).
АӘК алушылар санынан 62 отбасыға (92 бала) кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды. Оның ішінде 1-ден 3 жасқа дейінгі 51 бала, 3-тен 6-ға дейінгі 41 бала.