29.06.2022 ж.
2022 жылғы 29 маусымда Уәлиханов ауданы әкiмiнің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Ж.Қ. Жантілеуованың қатысуымен, аудан әкiмдiгiнiң кiшi залында аудандық үшжақты комиссияның отырысы өттi. Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- еңбек қатынастарының жай-күйi туралы (еңбек жанжалдарының
алдын алу шаралары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақыны уақтылы төлеу);
- 2022 жылғы «Парыз» және «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына әлеуетті қатысушыларды айқындау;
- аудан бойынша әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру бойынша берешек туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Қ. Қазымжанов және мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Қ. Жолмұханов баяндама жасады. Үшжақты комиссияның мүшелері тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия төрайымы бір қатар хаттамалық тапсырма берді.
Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы
З. Жүнісова, 22152
14.04.22 ж.
Барлық меншік нысандарының
басшыларына
Ескертпе
Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы, 2-тармағының 1),2),4) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілер:
- халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Электрондық
еңбек биржасы» Мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, еңбек жағдайлары мен төлемі көрсетіле отырып жіберуге;
- халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе
жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» Мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы уақтылы (жұмысқа орналастыру үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабарлау;
-халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» Мемлекеттік интернет - ресурсы арқылы жұмыс беруші
Сонымен қатар, Сізге сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне:
заңнамасын бұзу:
жасалған түрінде:
тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынбаған;
(бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы);
хабарламау, уақытылы хабарламау;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау;
жағдайда ескерту жасауға әкеп соғады.
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, «Электрондық еңбек биржасы» (www.enbek.kz) ақпараттық порталы жасалғанын естеріңізге саламыз, онда жұмыс беруші өз бетінше бос жұмыс орындарын жариялай алады, сондай-ақ еңбек шартын жасайды, ал жұмыс іздеуші (жұмыссыз азамат) өз бетінше өзінің түйіндемесін орналастыра алады.
З. Жүнісова,
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы,
тел. 87154222152
08.04.2022 ж.
Ұжымдық шарт-ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, олардың уәкілетті өкілдері тұлғасындағы ұжым жұмыскерлері мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлер ұжымының мүдделерін келісуге, еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін қамтиды.
Еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ұжымдық шарттарды жасасуы, өзгертуі, толықтыруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжымдық шарт жобасын дайындаудың бастамашысы Тараптардың кез келгені-қызметкерлер немесе олардың өкілдері және жұмыс беруші бола алады.
Жұмыс беруші-қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Қызметкер-жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Қызметкерлердің өкілдері-кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Ұжымдық келіссөздер жүргізу және Ұжымдық шарттың жобасын дайындау үшін Тараптар комиссиялар құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, жобаны әзірлеу және Ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптардың келісімімен айқындалады.
Комиссия дайындаған Ұжымдық шарттың жобасы ұйым қызметкерлерінің талқылауына міндетті түрде жатады. Жобаны талқылау нысандарын қызметкерлердің өздері анықтайды. Комиссия келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын Ұжымдық келіссөздер тараптары айқындайды. Ұжымдық шартқа сыйлықақы беру, еңбекақы төлеу нысандары, жүйелері, жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары, Саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау және т. б. туралы ережелер енгізілуге тиіс. жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, сақтандыру, сауықтыру және т. б.
Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады.
Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады, ұжымдық шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен енгізіледі.
Ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптар ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР Еңбек кодексінің 156-бабының 11-тармағына сәйкес ұжымдық шарт мониторинг рәсімінен өтуі тиіс. Ол үшін жұмыс беруші қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде ұжымдық шартты СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына мына мекенжай бойынша ұсынуға міндетті: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
Ұжымдық шарт — жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі, бұл сондай-ақ жұмыс берушіге жұмыскерлердің мүмкіндіктері мен қабілеттерін тиімді басқаруға көмектесетін қаржылық, тәртіптік, ұйымдастырушылық маңызды құрал.
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы
З. Жүнісова, 87154222152
30.03.2022 ж.
2022 жылғы 30 наурызда Уәлиханов ауданының әкiмi Қ. С. Пішенбаевтiң төрағалығымен, аудан әкiмдiгiнiң кiшi залында аудандық үшжақты комиссияның отырысы өттi. Отырыста еңбек қатынастарының жай-күйi туралы (еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі шаралар, жалақы бойынша берешек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өндiрiстiк жарақаттанушылық) мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының м. а. С. Қ. Қазымжанов және Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Қ. С. Темірханов баяндама жасады. Үшжақты комиссияның мүшелері тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша аудандық үшжақты комиссияның төрағасымен тапсырмалар берілді.
Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы
З. Жүнісова, 22152
18.03.2022 ж.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді
Ағымдағы жылдың 17 наурызында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкенің мақсаты: азаматтарды ауданның бос жұмыс орындарымен таныстыру, еңбек нарығы туралы, жұмыскерлерге мұқтаж кәсіпорындар туралы, жұмысқа орналасу, қайта оқыту мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру.
Ауданның 15 кәсіпорын мен ұйымнан 53 бос жұмыс орны ұсынылды.
Бос орындары жәрмеңкесі барысында жұмыссыз азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие кең профильді мамандықтармен танысуға мүмкіндік берілді. Жұмыссыздар жұмысқа жолдама алып, жұмыс берушілерге әңгімелесуге шақырылды.
Бос орындар жәрмеңкесіне келген барлық азаматтарға жұмыспен қамту бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының мамандары ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, Еңбек Кодексі және басқа да заңнамалық актілер бойынша кеңестер мен түсініктемелер берді.
Өткізілген бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан 18 азаматтың 9 тұрақты жұмыс орындарына, 3 уақытша жұмыс орындарына жіберілді, 2 адам «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірді, қалғандарына бос жұмыс орындарының пайда болуына қарай лайықты жұмыс ұсынылады.
53 бос орынның 44-і талап етілмеген, білікті мамандар контингентінің болмауына байланысты (психиатр-нарколог дәрігер — 1, зертханашы дәрігер — 1, дерматовенеролог дәрігер — 1, терапевт дәрігер — 1, онколог дәрігер — 1, анестезиолог дәрігер — 1, акушер дәрігер — 1, медбике — 15, бас бухгалтер — 1, бас экономист — 1, экономист — 1, музыка мұғалімі — 1, математика — 1, орыс тілі — 1, бастауыш сынып мұғалімі — 2, мектеп психологы — 1, логопед — 1, слесарь-сантехник — 2, слесарь-жөндеуші — 1, дәнекерлеуші — 2, ағаш ұстасы — 1, жол монтері — 1, жүргізуші — 1, механизатор — 1, табыншы — 1, тауарды буып-түюші — 1, аспазшы — 1).
З. Жүнісова,
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы,
8(71542)22152
13.01.2022 ж.

ҚҰРМЕТТІ АУДАННЫҢ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІ!
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы, 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілер:
- халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» Мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, еңбек жағдайлары мен төлемі көрсетіле отырып жіберуге;
- халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» Мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы уақытылы (жұмысқа орналастыру үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабарлау;
- жұмыс берушi заңды тұлға халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» Мемлекеттік интернет - ресурсы арқылы тұлға қызметiнiң тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, жұмыс берушiнiң экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетiн өндiрiстердiң және орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң төмендеуi кезiнде алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны туралы, босатылатын жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, жұмыстан босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары туралы және олар жұмыстан босатылатын мерзiмдері туралы жұмыстан босатуға дейін кемiнде бiр ай бұрын толық көлемде ақпарат ұсыну керек.
Сонымен қатар, «Электрондық еңбек биржасы» порталында жеке электрондық еңбек шарттарын жасасу және бұзу туралы ақпаратты уақытылы енгізу қажет.
Толық нұсқаулық порталдың «Көмек» бөлімінде орналастырылған.
З. Жүнісова
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы
тел. 87154222152
25.10.2021 ж.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
2021 жылы Уәлиханов ауданы бойынша «Парыз» конкурсына келесі номинацияларға 3 үміткерлер қатысты:
«Үздік ұжымдық шарт»:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»:
Солтүстік Қазақстан облысында «Парыз-2021» конкурсының қорытындысы бойынша «Беркут» АӨК Саян Мұбарак «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша 3 орын жеңімпазы атанды.
«Парыз-2021» конкурсына қатысқан үшін «Сағандықов» ШҚ Сағандықов Ұ.Қ., «Амирлан – Агро» ЖШС Беков Азамат Ж. дипломмен мараппаталды.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бас маманы З. Жүнісова
17.09.2021 ж.
2021 жылғы 17 қыркүйекте Уәлиханов ауданы әкiмiнiң төрағалығымен аудандық үшжақты комиссияның отырысы өттi.
Отырыста еңбек жанжалдары, жалақы бойынша берешек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау және мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жай-күйi туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, «Қызылту-Нан» ЖШС және «Қызылту Астық» ЖШС, Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының өкiлдерi тыңдалып, отырыс қорытындысы бойынша аудандық үшжақты комиссия төрағасымен тапсырмалар берiлдi.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмiнiң
бас маманы
З. Жүнiсова
30.07.21 ж.
Бұл конкурс жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.
Конкурс «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу бойынша өңірлік деңгейде мынадай іс-шаралар іске асырылды:
Басқарма мекенжайына 17 өтінім келіп түсті:
2021 жылғы «Еңбек жолы» конкурсына қатысушылардың материалдарын қарап, "Еңбек жолы" конкурсының Ережесін басшылыққа ала отырып, Конкурсқа үміткерлерді іріктеу жүргізілді және орындар былайша бөлінді:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
1 орын – Звольские (Тайынша ауданының «Астық STEM» ЖШС жұмыс істейді, әулет);
2 орын – Рахымовтар (Петропавл қ., «Партнер-Авто» ЖШС жұмыс істейді, әулет);
3 орын – Серғазиндер (Уәлиханов ауданының «Уәлиханов ОАА» ШЖҚ КМК жұмыс істейді, әулет).
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:
1 орын — А.П.Гайворонский, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» Жаңа-Есіл сигнализация және байланыс дистанциясының қызметкері, Ғ.Мүсірепов ат. ауданы;
2 орын – В.П.Чубик, «Новый труд» ЖШС қызметкері, Тайынша ауданы;
3 орын – А.П.Коротков, «Левин В.Д.» ЖК қызметкері, Қызылжар ауданы.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша:
1 орын – Е.П.Сәбитбек, «Жолдасбай Агро» ФШ қызметкері, Уәлиханов ауданы;
2 орын — С.Э.Вельц, «ES GLOBAL Agro» ЖШС қызметкері, Ғ.Мүсірепов ат.ауданы;
3 орын – А.В.Жолудев, «Левин В.Д.» ЖК қызметкері, Қызылжар ауданы.
Конкурстың облыстық кезеңі жеңімпаздарының құжаттары әр номинация бойынша 2021 жылдың 10 тамызына дейін «Еңбек Жолы» конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін ҚР ЕХӘҚМ-ға жіберіледі.
«СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек
инспекциясы басқармасы» КММ
ақпараттық талдауды қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
Әсемгүл Мейрамқызы Матенова
2021 жылдың 24-і маусымда аудан әкiмдiгiнiң кiшi залында әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өткiзiлдi. Комиссия отырысында келесi сұрақ қаралды:
Комиссия отырысында аудан әкiмiнiң орынбасары А. Жауарова бірқатар тапсырма берді.




«СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» КММ-нің
бас маманы
З. Жүнісова

«Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес 2021 жылы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi конкурсты өткiзудiң басталуы туралы жарияланады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1)толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Барлық қажеттi материалдарды, үмiткерлер «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ ұсынуға тиiс.
Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдердің ұсыну мерзiмi 2021 жылдың 1 шiлдеге дейін.
Өтiнiм беру және құжаттарды ресiмдеу үшiн «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ мына мекен-жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Кішкенекөл с., Уәлиханов көшесi, 82. Эл. мекен-жайы: uozisp@mail.ru
Қосымша ақпаратты 22-152, 21-943 телефоны арқылы алуға болады.
Б. Хасенова
«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ жұмыспен қамту секторының меңгерушісі
31.03.2021 ж.
2021 жылдың 30 наурыз күнiнде аудан әкiмдiгiнiң кiшi залында әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аудандық үшжақты комиссияның отырысы өткiзiлдi. Комиссия отырысында келесi сұрақ қаралды:
Комиссия отырысында аудан әкiмiнiң орынбасары А.Жауарова бiрқатар тапсырма бердi.


«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
бас маманы
З. Жүнiсова
23.02.2021 ж.
Ескерту


2018 жылдың 1 қарашасынан бастап «www.enbek.kz» порталында электрондық келісім шарттарды тіркеу қызметі іске қосылды.
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі» (бұдан әрі — Кодекс) 23-бабы 2-тармағы 27-тамақшасына сәйкес, жұмыс беруші осы Кодекстің 28-бабындағы 1-тарамағы және 1),2),3),4),5) және 13) тармақшаларында қарастырылғандай, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде анықталғандай, жұмыскермен еңбек шартын жасау және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты енгізуге міндетті (2021 ж. 08 қаңтардағы енгізілген өзгертулерге сәйкес).
Осыған байланысты, «Электрондық еңбек шарттарын тіркеудің бірыңғай жүйесі» ААЖ электрондық дерекқорына меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпарат енгізу бойынша жұмыс жүргізу қажет.
З. Жүнісова
бас маман жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі, 87154222152
22.02.2021 жыл
Ағымдағы жылдың 15-19 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министiрлiгi әлеуметтiк қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында әлеуметтiк қызметкерлерге, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң, жұмыспен қамту орталықтардың директорларына, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелердiң меңгерушiлерiне алғашқы тестiлеу өткiздi.
Тестiлеу заңнамалық актiлердi, халықты әлеуметтiк қорғау сапасындағы арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтiк қызметкерлердiң этикасына қойылатын талаптарды бiлу деңгейiн анықтауға бағытталған.
18-шi ақпанда Петропавл қаласындағы «U-Stady» тестiлеу орталығында Уәлиханов ауданының үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң мамандары мен әлеуметтiк қызметкерлерi тестiлеуден өттi.
Тестiлеу бағдарламасына 3 блок кiрдi: заңнаманы бiлу, этикалық талаптар және практикалық мәселелердi шешу бойынша сұрақтар. Сондай-ақ, әлеуметтiк қызметкердiң функцияларын жүзеге асыруға қажеттi сапа деңгейiн анықтау үшiн жеке ерекшелiктерiн психологиялық тест арқылы өлшеу көзделдi. Бөлiмшенiң штаты 26 адамды құрайды. Жалпы санынан тестiлеуге 23 адам қатысты. Үш әлеуметтiк қызметкер денсаулығына байланысты босатылды. Тестiлеу нәтижелерi бойынша бiздiң аудан көшбасшылар қатарына шықты. Бөлiмшенiң мамандары жақсы нәтижелер көрсетiп, жалпы орташадан жоғары ұпай жинады.
Айта кету керек,мұндай ауқымдағы тестiлеу алғаш рет өткiзiлiп отыр. Жоғары ұпай жинағандар республикалық және аймақтық маңызы бар жобаларға сарапшылар ретiнде қатысуға және лауазымдары өсу бойынша кадрлар резервiне енгiзiледi. Сондай-ақ олардың кандидатуралары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министiрлiгi жанындағы әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi сараптамалық кеңестiн құрамына және басқа да жауапты мемлекеттiк лауазымдарға енгiзу үшiн ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, тестiлеу нәтижелерi бойынша жоғары нәтиже көрсеткендер үшiн әлеуметтiк жұмыстын озық технологиялары бойынша арнайы семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.
Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi-Елбасының және Юнисеф Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министiрлiгi жүзеге асыруда.
Үйде әлеуметтiк көмек көрсету
бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Манатов А.М.
12.08.2020 жыл
Ағымдағы жылдың 12 тамызында Zoom конференция режимiнде Қазақстанның әлеуметтiк қызметкерлерiнiң онлайн-Форумы өттi. Осы iс-шараны Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Ерлан Мұратұлы Аукенов ұйымдастырды. Форумда жаңа жағдайлардағы әлеуметтiк жұмыс, әлеуметтiк қызметтердiң жаңа инновациялық модельдерiн әзiрлеу, әлеуметтiк қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және т.б мәселелерi қарастырылды.
Форумның жұмысына мемлекеттiк органдар (ЕХӘҚМ, ДМ, БҒМ, IIМ), үкiметтiк емес ұйымдар, әлеуметтiк қорғау саласындағы сарапшылар, шетелдiк сарапшылар, әлеуметтiк жұмыс саласындағы оқытушылары, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның инспекторлары мен хатшылары, пробация қызметкерлерi, әлеуметтiк қызметкерлер қатысты.
Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсететiң әр ұйымнан Форумға қатысу үшiн 2-3 адам жiберiлдi. Бiздiң ауданымыздан Форумның жұмысына 2 қарттарды күту бойынша әлеуметтiк қызметкер және мүгедек балаларды күту бойынша 1 әлеуметтiк қызметкер қатысты. Форумға Қазақстан бойынша барлығы 500 адам қатысты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бағамдау маманы Абилькасова С.Г.
12.08.2020 жыл
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестациялау қағидасына және аттестациядан өту кестесiне сәйкес а.ж. 12-шi тамызында «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң жанындағы үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнде қарт адамдарға, мүгедектерге соның iшiнде мүгедек балаларға күтiм көрсететiң әлеуметтiк қызметкерлермен аттестация өткiзiлдi. Аттестацияға 5 селолық округтардың күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкерлер қатысты.
Аттестацияның өткiзуге бөлiм қызметкерлерiнен комиссия құрылды. Аттестацияның тестiлеу сұрақтары (60 сұрақ) Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар Басқармасымен бекiтiлген және ұсынылған. Барлық аттестациядан өтушiлер жоғары балдар iрiктеп алып және жақсы нәтиже көрсеттi.
Тестiлеудiң қорытындылары Басқармаға жiберiлдi.
Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi А. Манатов
11.10.2019 жыл
Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi айлықты өткiзу бойынша 9-10 қазанында облыстағы 5 медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұрып жатқан жерлестерiмiзге бару ұйымдастырылды (барлығы 31 адам). Оларға қайырымдылық сеңбiлiктiң қаражатынан демеушiлiк көмек көрсетiлдi.


Абилькасова С.Г.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмiнiң маманы
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы (ZIP 75 Kb)
Бiрыңғай жиынтық төлем (БТЖ ) — өзiн-өзi жұмыспен қамтып жүрген тұлғаларға жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмей-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға мүмкiндiк беретiн тәртiп.
БЖТ — жалдамалы жұмысшылардың еңбегiн пайдаланбай өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жеке тұлғаларға табыс табу мақсатында қызмет көрсететiн азаматтар, жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс iстейтiндер және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өткiзушi жеке тұлғалар арасында қолданылады.
БЖТ төлеу төмендегi мүмкiндiктердi бередi:
Бұның тағы бiр артықшылығы азаматтың өзiнiң табысының бiр бөлiгiн салыққа аударғандықтан оның несие алуға мүмкiншiлiгi туады, яғни сiз банкiден ресми несие ала аласыз, себебi сiз тұрақты салық төлеушiсiсiз.
БЖТ төлеу өз еркiмен төлеу болып табылады. Жүйеге қатысу құқығы жеке тұлғаның өз еркiнде, оған бiрыңғай жиынтық төлемдi төлемегенi үшiн қандай да бiр шара қолданбайды.
БЖТ айлық табыс мөлшерлемесi бойынша қала тұрғындарынан 1-айлық есептiк көрсеткiш АЕК (2525 теңге) және ауыл тұрғындары үшiн 0,5 АЕК мөлшерiнде (1262,5 теңге) (тұрғылықты жерi бойынша тiркелуiне сәйкес).
БЖТ төлеушiлерi салық есебiн тапсырмайды.
БЖТ (яғни 1262,5 теңгеден) төмендегiдей бөлiнедi:
«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
жұмыспен қамту секторының
бас маманы М.М. Тукебаева
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 07.12. Заңының 8-бабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгi жалақы мөлшерi 42 500 теңге болып белгiлендi.
ҚР Еңбек кодексiнiң 103-бабы 1-тармағына сәйкес қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларын қарай сараланған түрде белгiленедi.
Еңбекақы мөлшерi қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы өзара келiсiмi бойынша еңбек шартымен айқындалады. Еңбек ақы мөлшерiн айқындау үшiн өлшемдер ретiнде қызметкер жұмсаған еңбек нормасының(жеке еңбек үлесi)саны және қызметкердiң бiлiктiлiгiмен және ол орындайтын жұмыстың күрделiлiгiмен анықталатын еңбек сапасы көзделген.
Сонымен қатар, еңбек тек осы өлшемдерге ғана емес, сондай-ақ еңбек жағдайларына, жеке және ұжымдық жетiстiктерге және басқа да факторларға байланысты болатынын атап өту керек.
Осылайша, қызметкердiң жалақысы еркiн түрде емес, оның еңбегiнiң маңыздылығын көрсететiн, қызметкерлердiң еңбегiне объективтi мән-жайларға байланысты ақы төлеудi ақылға қонымды және әдiл саралауға мүмкiндiк беретiн заңнамада белгiленген өлшемдер негiзiнде анықталады.
Ұйымдарда, олардың меншiк нысанына қарамастан разряд белгiлеуiне байланысты жалақы мөлшерi: бiрiншi разрядты қызметкердiң айлық тарифтiк ставкасы ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн емес, ал екiншi және одан кейiнгi разрядты қызметкерлердiң жалақысы, тиiсiнше, ең төменгi жалақы мөлшерiнен жоғары болуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң105-бабына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн мөлшерi салалық келiсiммен анықталатын еңбек шарттарын зияндылығы және қауiптiлiгi дәрежесiне қарай топтастыратын салалық коэффициенттердi ескере отырып,ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалатын жоғары лауазымдық жалақы (ставкалар) немесе қосымша ақы белгiлеу жолымен жалақы төлеу еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда, жоғары мөлшерде белгiленедi.
Жалпы республика бойынша бүгiнгi күнi ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жоғары салалық коэффициенттерi бар салалық келiсiмдер қолданылады (Мысалы: Ұйымдарда ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарға ақы төлеудiң салалық арттырушы коэффициентi:тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы 1,5, құрылыс — 1,6, құрылыс материалдары өндiрiсi — 1,8. Еңбек жағдайлары қалыпты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге жалақы төлеу жоғары лауазымдық жалақы (ставкалар) немесе қосымша ақы (1,3 жоғары салалық коэффициенттi ескере отырып) белгiлеу жолымен жоғары мөлшерде белгiленедi.
Еңбекке ақы төлеу өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары көрсетiлген тiзiмге (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28.12. №1053 бұйрығы) сәйкес немесе өндiрiстiк нысандарды аттестаттау нәтижелерi бойынша жоғары мөлшерде жүзеге асырылады.
«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
жұмыспен қамту секторының
бас маманы М.М. Тукебаева
2018 жылдың 26 қарашасында Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүгедектер iсiн Үйлестiру Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.


02.11.2018
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi 2018 жылы 124 отбасыға (645 адам) көрсету жоспарланған, соның iшiнде шартты ақшалай көмектi алушылар — 109 отбасы (559 адам) және шартсыз ақшалай көмек алушылар 15 отбасы (46 адам).
Барлығы 19,858 млн. теңге қаражат бөлiнген, оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен — 11,355 млн. теңге және жергiлiктi бюджеттен 8,503 млн. теңге.
2018 жылғы 02 қарашасына атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге 115 өтiнiш қабылданды, соның iшiнде 11 өтiнiшке көмек көрсетуден бас тартылды, себебi отбасының жанға шаққан орташа табысы кедейшiлiк шегiнен асып кеткен. 5 отбасыға табысын жасырғаны үшiн көмек көрсетуден бас тартылды.
99 отбасыға (446 адам) 19032,7 мың теңге сомасында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды, оның iшiнде шартсыз ақшалай көмек 2500,8 мың теңгеге 15 отбасыға (46 адамға) көрсетiлдi, шартты ақшалай көмек 88 отбасыға (411 адам) 16531,9 млн. теңгеге көрсетiлдi.
2018 жыл 02 қараша
2018 жылдың 1 қарашаға 1536 жұмыссыз және өзiн -өзi жұмыспен қамтыған азаматтарға жұмысқа орналастыру бойынша жәрдем көрсетiлдi, соның iшiнде:
тұрақты жұмыс орындарына — 1285 адам жұмысқа орналастырылды, одан:
уақытша жұмыс орындарына — 251 адам орналасты, одан:
«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң
жұмыспен қамту секторының
меңгерушiсi Б.Қ. Хасенова
87154222025
2018 жылдың 1-шi қазан 1-шi қараша аралығында ауданда қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету айлығы өткiзiлдi. Барлық ауылдық округтерде зейнеткерлер мен мүгедектерге концерттiқ бағдарлама дайындалып және дастархан жайылып құттықтау iс-шаралар өткiзiлдi, қарттарға отын, жем-шөп алуға көмек көрсетiлдi.
Барлық санынан айлықтың басынан моральдық және материалдық көмек 7134,6 мың теңге мөлшерiнде 2309 азаматтарға көрсетiлдi, соның iшiнде:


24.08.2018
2018 жылдың 24 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы мүгедектердi оңалту бөлiмiнiң басшысы Р.М. Мамбетлинов және мүгедектер сұрағы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кеңесшiсi С.А. Бусыгинаның қатысуымен Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүгедектер iсiн Үйлестiру Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.


22.08.2018
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестациялау қағидасына және аттестациядан өту кестесiне сәйкес а.ж. 22-шi тамызында «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң жанындағы үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнде қарт адамдарға, мүгедектерге соның iшiнде мүгедек балаларға күтiм көрсететiң әлеуметтiк қызметкерлермен аттестация өткiзiлдi. Аттестацияға 6 селолық округтардың күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкерлер қатысты.
Аттестацияның өткiзуге 6 адам құрамында комиссия құрылды. Аттестацияның тестiлеу сұрақтары (60 сұрақ) Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар Басқармасымен бекiтiлген және ұсынылған. Барлық аттестациядан өтушiлер өту ұпайын жинап, әнгiмелесуден өттi.
Тестiлеудiң қорытындылары Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар Басқармасына жiберiлдi.

