Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгез қараудан қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия қызметін жүзеге асырады.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі-Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Әкімдіктің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысымен комиссияның дербес құрамы жаңартылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша жедел ден қою мақсатында Комиссияның сенім телефоны 8(71542)21-833 жұмыс істейді.