Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу, өндіру және іске асыру

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған байқауға қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы конкурстық негiзде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы үшiн жыл сайын берiледi.

2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылық пен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру саласындағы жаңа төртiншi номинациясы енгiзiлдi. Сәйкесiнше сыйлық келесi категориялар бойынша берiлетiн болады: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» номинациядағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi.

Сонымен қатар осы жылдан бастап Байқаудың жеңiмпаздары лауреат дипломы мен эмблемалардан бөлек, 450 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде (бiр миллион теңгедей) ақшалай сыйақы алатын болады.

Бүгiнгi таңда осы байқау ұлттық брендке айналып, сапа саласындағы ең беделдi байқауы балып саналады. Байқауға қатысу тегiн.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-байқауына қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

Облысымызда өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм өндiретiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар Байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу тегiн.

Байқау үш номинация бойынша жүргiзiледi: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық тұтынатын үздiк тауарлар», «Үздiк азық-түлiк тауарлары». Әр номинацияда үш жеңiмпаз анықталып, олар Республикалық көрме-бауқауында облыс атынан қатысады.

«Қазақстанның үздiк тауары» — кәсiпорын үшiн жарнама жасау мен тұтынушыны тартуға үлкен мүмкiндiк.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб мекен-жайында алуға болады.

Уәлиханов ауданында «Қызылту ұн үктiру комбинаты» ЖШС-гi қызмет етедi, басшысы Сержан Аманжолұлы Соқытбаев.

Жарғы негiзiнде қызмет көрсетедi.

Қызметiнiң негiзгi түрлерi: бидайды қабылдау, кептiру және ұнға сақтау.

Байланыс мәлiметтерi: тел. факс: 8715-42-21-151, электр. мекенжай: kziltu_kmk@mail.ru

Уәлиханов ауданында еттi сатып алу және жүзеге асуын «Ғалиақбар» ЖК-рi жасайды Досалин С. контактiлi тел. 8715-42-21488.

Кiшкенекөл селосында Гагарин көшесi 64 уйде, ЖК «Солтан Зивашхан», ұялы тел. 8-702-930-84-70 iрi қара малдың, жылқының терiсiн қабылдайды.

Дата публикации
28 мая 2021
Дата обновления
28 мая 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы