Меню

Страницы

Статья

Жекешелендіру

Уәлиханов ауданы бойынша жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат

2016 жылы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мақсатында аудан бойынша «Мөлдір су» КМК бәсекелестік ортаға берілді. Кәсіпорынды қайта құру жолымен мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен «Мөлдір су-2016» ЖШС қайта құрылды, кейіннен үлестерді сату: 2017 жылы — 20%, 2018 жылы – 10%, 2019 жылы – 10%, 2020 жылы – 15% (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2016 жылғы 20 шілдедегі анықтама – БСН 010140001370).

ЖШС жарғылық капиталына берілетін мүлікке бағалау жүргізілді. Іске асыру мақсаттары үшін «Мөлдір су-2016» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттің 10% қатысу үлесіне бағалау жүргізілді.

Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №314 қаулысымен 2017 жылы жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесі бекітілді.

2017 жылдың басынан бастап «Мөлдір су-2016» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттің 10% қатысу үлесін сату бойынша 3 электрондық аукцион өткізілді. Конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты аукциондар өтпеді.

«Мөлдір су-2016» ЖШС мемлекет қатысуының басым емес үлестерімен «Қызылту Су Арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосылу жолымен қайта құрылды (аудан әкімдігінің 2017 жылғы 06 маусымдағы №178 қаулысы). 2017 жылғы 09 маусымдағы Заң газетінде кәсіпорынды қайта құру туралы хабарландыру жарияланды.

Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі №285 қаулысымен «Мөлдір су-2016» ЖШС тапсыру актісі бекітілді (Уәлиханов аудандық әділет басқармасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі «Мөлдір су-2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы №43 бұйрығы).

2017 жылдың 03 тамызынан бастап, ауданда «Қызылту Су Арнасы» ЖШС жұмыс істейді - жарғылық капиталдағы үлесінің 49 пайызы мемлекетке тиесілі.

Жекешелендіру

2018 жылғы есеп

Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысымен 2018 жылы жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесі бекітілді.

2 объект бағаланды (2017 жылы - 3 объект).

Жекешелендіруге жататын объектілерді сату бойынша 3 электрондық аукцион өткізілді. 2 нысан іске асырылды, бюджетке 33,9 мың теңге түсті (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 6 нысан – 1 378,1 мың теңге).

2019 жылғы есеп

Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы №07 қаулысымен 2019 жылы жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесі бекітілді.

3 объект бағаланды (2018 жылы - 2 объект).

Жекешелендіруге жататын объектілерді сату бойынша 4 электрондық аукцион өткізілді. 3 нысан іске асырылды, бюджетке 319,9 мың теңге түсті (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 2 нысан – 33,9 мың теңге).

2020 жыл

Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 46 қаулысымен 2020 жылы жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесі бекітілді.

6 нысан бағаланды (2019 жылы-3 нысан).

Жекешелендіруге жататын объектілерді сату бойынша 5 электрондық аукцион өткізілді. 1 объект іске асырылды, бюджетке 84,9 мың теңге түсті (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 3 объект – 319,9 мың теңге).

Аукциондар өткізу кезінде Экономика және қаржы бөлімі хабарландыруларды газеттерде жариялаудан басқа, ауылдық округтерге және баланс ұстаушыларға Жекелеген негіздер бойынша Уәлиханов ауданының меншігіне түскен (айналдырылған) мүлікті сату бойынша алдағы аукциондар және жекешелендіру объектілерін сату бойынша электрондық аукциондар туралы ақпараттық хабарламалары бар хаттар жіберіледі.

Округ әкімдері осы ақпаратты барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларға жеткізуді және олардың аукциондарға қатысуын қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 9-тармағына сәйкес: «мемлекеттік мүліктің теңгерім ұстаушысы жекешелендіру объектісінің сақталуына және жекешелендіру объектісі бойынша және меншік құқықтары сатып алушыға ауысқанға дейін мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады».

Уәлиханов ауданы бойынша Жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кешендi жоспарын жүзеге асыру жөнiндегi ақпарат 

2016 жылы Жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кешендi жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Мөлдiр су» КМК бәсекелi ортаға тапсыру көзделген. Кәсiпорын мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Мөлдiр су-2016» ЖСШ-ға үлестерiн кейiнгi сатуымен өзгерту жолымен қайта құрылды: 2016 жылы — 10%, 2017 жылы — 10 %, 2018 жылы — 10%, 2019 жылы — 10%, 2020 жылы — 15%.

2016 жылы 22 желтоқсандағы №314 Уәлиханов әкiмдiгi қаулысымен 2017 жылы жекешелендiруге жататын объектiлердiң тiзiмi бекiтiлдi.

2017 жылдан бастап «Мөлдiр су-2016» ЖШС-тiң жарғылық капиталында мемлекеттiң 10%-дық қатысу үлесiн сату бойынша 3 электронды аукцион жүргiзiлдi. Аукциондар конкурстық өтiнiм жоқ болғандықтан өтпедi.

ҚР ҚМ Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне осы мәселе бойынша түсiнiктеме беру жөнiнде Экономика және қаржы бөлiмi хат жолдады.

Мемлекет үстем емес үлеспен қатысатын «Қызылту Су Арнасы» ЖШС-тi құру туралы 2017 жылы 15 мамырдағы №138 Уәлиханов әкiмдiгi қаулысы қабылданды. Қазiргi уақытта «Мөлдiр су-2016» ЖШС-iн «Қызылту Су Арнасы» ЖШС-ке қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша аудан әкiмдiгiнiң қаулысы дайындалды.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, бiлiм және спорт Министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмiнiң «Озерная отбасылық дәрiгерлiк амбулаториясы» КМҚК Уәлиханов ауданы Әдiлет басқармасымен таратылды (2017 жылғы 02 мамырдағы №29 бұйрық

«Дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспiрiмдер клубы» МКҚК қайта ұйымдастыру бойынша 2017 жылы 17 ақпандағы №36 Уәлиханов әкiмдiгi қаулысы қабылданды, кәсiпорынның қайта ұйымдастыру жөнiнде Заң газетiнде хабарлама жарияланды. Монополияға қарсы органға қайта ұйымдастыруға келiсу туралы өтiнiш жолданды және жауап алынды. Ауданның әдiлет органдарына кәсiпорынның қайта құру бойынша құжаттар пакетi 2017 жылы 30 мамырда тапсырылды.

2016 жылдың 01 шiлдеге Уәлиханов ауданның мемлекеттiк меншiгiнiң объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ақпарат

2016 жылы Жекешелендурiдiң 2016-2020 жылдарға арналған кешендi жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Мөлдiр су» КМК бәсекелi ортаға тапсыру көзделген. Үлестерiн кейiнгi сатуымен мемлекеттiң қатысумен ЖСШ-ға қайта құру жоспарланды: 2016 жылы — 10%, 2017 жылы — 10%, 2018 жылы — 10%, 2019 жылы — 10%, 2020 жылы — 10 %.

2016 жылы 18 наурыздағы № 43 Уәлиханов әкiмдiгi қаулысымен бәсекелi ортаға тапсырылатын ауданның коммуналдық меншiгiндегi объектiлерiнiң тiзiмi бекiтiлдi («Мөлдiр су» КМК).

Бұрынғы бағалаудың мерзiмi өткендiктен қайтадан бағалау өткiзiлдi. Нарықтық құны 2 105 591 770 теңгенi құрды.

«Мөлдiр су» КМК мемлекеттiң қатысумен ЖСШ-ға қайта құру жөнiнде хабарлама берiлдi. 2016 жылы 13 мамырда №50 «Заң» газетiнде жарияланды.

Мәлiметтер тiзбесiмен үлестерiнiң елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi ЖСШ-ны құруға келiсiм беру туралы өтiнiшхат Монополияға қарсы органға ұсынылды.

Бөлiм басшысы
Шегебаева С.Е.

2016 жылдың 22 сәуiрiне Уәлиханов ауданның мемлекеттiк меншiгiнiң объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ақпарат

2015 жыл

21 сәуiр 2015 жылғы № 121 аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен, «жекешелендiрудiң екiншi толқыны» өткiзу аясында, жекешелендiруге жататын ауданының коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзбесi («Мөлдiр су» КМК) бекiтiлген.

Экономика және қаржы бөлiмiнiң бұйрығымен жекешелендiрудi өткiзу жөнiндегi комиссия құрылды (2015 ж. 09 сәуiрдегi №12 бұйрық).

Бағалауды өткiзу үшiн қаражат бөлiнген. Мемлекеттiк сатып алу нәтижесiнде жеңiмпаз «Stella+» ЖСШ (Қостанай қ.). Онымен кәсiпорынның бағалауы өткiзiлдi.

Комиссиямен мәредегi баға 2 354 663 000 теңге, кепiлдiк жарна 59 460 000 теңге деп анықталды.

2015 жылы 28 тамыз, 22 қыркүйек пен 27 желтоқсанда www.gosreestr.kz мемлекеттiк мүлiк Тiзiлiмi веб-порталында «Мөлдiр су» КМК сату жөнiндегi үш коммерциялық тендер өткiзiлдi. Аукцион басталған сәтте аукцион залында сатылу объектiсi бойынша аукционға екi қатысушыдан аз тiркелдi және болғандықтан электрондық сауда өткiзiлмедi деп танылды.

2011 жылы 9 тамызда №920 Қазақстан Республикасының қаулысымен бекiтiлген жекешелендiру объектiлерiн сату Қағидасына сәйкес әр тендер сайын мәредегi баға 20 пайызға төмендеген.

2016 жыл

2016 жылы Жекешелендурiдiң 2016-2020 жылдарға арналған кешендi жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Мөлдiр су» КМК бәсекелi ортаға тапсыру көзделген. Үлестерiн кейiнгi сатуымен мемлекеттiң қатысумен ЖСШ-ға қайта құру жоспарланды.

2016 жылы 18 наурыздағы № 43 Уәлиханов әкiмдiгi қаулысымен бәсекелi ортаға тапсырылатын ауданның коммуналдық меншiгiндегi объектiлерiнiң тiзiмi бекiтiлдi («Мөлдiр су» КМК).

Бағалауды өткiзу үшiн қаражат бөлiнген. Мемлекеттiк сатып алу нәтижесiнде жеңiмпаз «Национальная оценочная компания» ЖСШ (Талғар қ.).Қазiргi уақытта бағалау жөнiндегi iс-шаралар өткiзулуде.

Бөлiм басшысы
Шегебаева С.Е.

Дата публикации
26 мая 2021
Дата обновления
26 мая 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы