
Бүгін біз білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар:
Еgov.kz арқылы:
Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан «қосу» батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын:
Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.
Қызмет көрсету уақыты — 15 жұмыс күні.
ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;
Қажетті құжаттар тізімі:
Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.
Есіңізде болсын:
ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.
Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады.
Қызмет көрсету құны — тегін.
Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен облыстың барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде ү.ж. 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу iс-шарасы өткiзiледi.
Осы iс-шараның аясында қарастырылады:
Жоғарыда аталған барлық шаралар оқушыларды сапалы және теңгерiмдi тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру жүйесі
Қосымша білім беретін мекемелер:
Бюджет — 1898168,5 мың.тг.
Педагогикалық кадрлық потенциал:
Білім беру саласының кәсіподақ ұйымы
Орта бiлiм беру, құрамы, контингент
Аудан бойынша 24 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, соның iшiнде 20 шағын жинақталған, 4 толық комплект мектеп бар. Олардың 18-i орта, 6-сы негiзгi мектеп. 2017-2018 оқу жылы оқушылар саны-2684 (2016-2017 оқу жылы 2686). 17 мектеп қазақ тiлiнде бiлiм берсе, 7 мектеп аралас тiлде бiлiм бередi. 2405 оқушы қазақ тiлiнде оқыса, 279 оқушы орыс тiлiнде бiлiм алады.
Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiнiң ерекшелiгi орыс тiлiнде бiлiм беретiн мектептiң жоқтығы.
Мектепке дейiнгi бiлiм беру
Аудан бойынша мектепке дейiнгi мекемелер желiсi 24 бiрлiктi құрайды. Оның iшiнде: 2 — бөбекжай бақшасы, 22 шағын-орталық. Барлық 24 мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде мемлекеттiк тiлде оқытылады.
Жалпы 910 — бала тәрбиеленуде. Мектепке дейiнгi бiлiммен қамту 1 жастан 6 жасқа дейiн 88% құрайды (2017 жыл 91%) 3 жастан 6 жасқа дейiн 100%.
Мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде 129 тәрбиешi еңбек етедi. Оның iшiнде жоғары санатты және бiрiншi санатты тәрбиешi 30 (26%-ды құрайды).
Ауданда «Балдәурен» КММ бөбекжай-бақшасында 1 санаторлық топ жұмыс iстейдi, топта 25 бала. Әуезов ОМ жанындағы шағын орталық 15 орынға кеңейтiлдi.
Қосымша бiлiм беру
Ауданда өнер мектебiнде 210 (2017-210 бала), денешынықтыру дайындығы балалар және жасөспiрiмдер клубы (250 бала), балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi (386 бала). Қосымша бiлiм берумен қамтылған оқушылар үлесi 31,7%.
«Өнер мектебi» КММ, «Денешынықтыру дайындығы балалар және жасөспiрiмдер клубы» КММ жұмысын жүргiзу үшiн 23564 мың. т. қаражат бөлiндi.
Жаңартылған бiлiм мазмұны
2017-2018 оқу жылында жаңартылған бiлiм мазмұнымен бiлiм алуды қыркүйекте 2, 5, 7-сыныптар жалғастырды.
Жаңартылған бiлiм беру мазмұны бойынша қайта даярлау курсынан 184 мұғалiм, бiлiм бөлiмнiң әдiскерлерi, мектеп басшылары мен оқу iсi орынбасарлары барлығы 22 адам қурстардан өттi. Ағымдағы оқу жылы 150 мұғалiм бiлiктiлiгiн арттырды.
2018-2019 оқу жылы ауданымыздың 16 мектебi үш тiлдiк оқуға көшедi. Үштiлдiлiктi енгiзу жоспары бойынша химия, биология, информатика, физика пәндерiнiң 32 мұғалiмi тiл курстарынан өттi.
Материалдық қамтылуы
Жергiлiктi бюджеттен Қаратерек ОМ-не 6500 мың.т. «Газель» автокөлiгi алынды. Мортық орта мектебiнде 11476 мың. т. күрделi жөндеу өткiзiлдi.
Жергiлiктi бюджеттен өңiрлердi дамыту бағдарламасы аясында Көбенсай, Шағырсай, М. Жұмабаев ат. ОМ-терге терезе, шатырларын жөндеуге 2100 мың. т. игерiлдi. 4 мектепке 1331 мың. т. су өткiзiлдi (Қайрат ОМ, Чернигов ОМ, Бидайық ОМ, Шағырсай НМ).
3 мектепке күрделi жөндеу жүргiзуге 149641,1 мың. т. сметалық жобалық құжаты дайындалған (Жамбыл ОМ, Кiшкенекөл №2 ОМ, Ақтүйесай ОМ).
Ресурстық орталық
Шағын жинақталған мектептiң мәселесiн шешу мақсатында 3 магниттiк мектептi қамтыған Кiшкенекөл №2 орта мектебiнде тiрек (ресурстық) мектеп жұмыс iстейдi: Аққұдық НМ, Қарашiлiк НМ, Шағырсай НМ-терi. Күзгi, көктемгi тоқсандық демалыстар уақытында (18 оқушыға) 1, 2 сессияны өткiзуге 281 мың. т. игерiлдi.
2017-2018 оқу жылынан бастап Әуезов орта мектебiнде ресуртық орталық ашылып, Жасқайрат НМ, Береке НМ, Қаратал НМ оқушыларына (16 оқушы) 1, 2 сессиясын өткiздi. 222,8 мың. т. қаражат жұмсалды.
Жалпыға бiрдей бiлiм беру қоры
Жалпыға бiрдей бiлiм беру қоры бойынша 2018 жылға жалпы — 27462 мың тг. бөлiндi, оның iшiнде: аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету (590 оқушы) үшiн — 19588 мың тг.
Жазғы демалыстың ұйымдастырылуына жолдама алуға (250 балаға) 3750 мың тг.;
430 балаға арналған киiм — кешек сатып алу үшiн — 16670 мың тг.;
сауықтыру алаңдарында 270 баланы тамақпен қамтамасыз ету үшiн — 1134 мың тг.;
300 оқушыны жазғы мектептерде тамақпен қамтамасыз ету үшiн — 1260 мың тг.;
материалдық көмек көрсету үшiн — 175 мың тг.;
Аз қамтылған, көпбалалы, жетiм, қамқорлықтағы және асырап алынған 22 баланы Астана, Петропавл қалаларына экскурсияға апару үшiн 263 мың теңге.
Бiлiм жетiстiктерi мен сапасы
2016-2017 жылдың бiрыңғай ұлттық тестiлеуге 143 оқушыдан 116-сы қатысты. Аудан бойынша көрсеткiш — 80,2 (облыс аудандары арасында II орын). Ауданымыз ҰБТ-ға қатысу пайызы — 81,1 (I орын облыс мектептерi арасында)
«Алтын белгi» иегерлерi — 17, 7 оқушы жеке үлгiдегi үздiк аттестатқа ие болды, 22 түлек 100 және 100-ден жоғары балл алды. Аудан бойынша 5 түлек 50 балдық жүйеден кем алды.
2017-2018 оқу жылы 170 түлек 11 сыныпта оқиды. Бүгiнгi күнi ҰБТ-ға қатысуға ниет бiлдiрiп отырған оқушылар саны — 134.
Болжам бойынша «Алтын белгi» үмiткерлер саны — 16, үздiк аттестатқа-үмiткерлер — 15. ҰБТ-ға дайындық жұмыстары негiзiнде мамыр айында өткiзiлген алдын-ала тестiлеудiң орташа көрсеткiшi — 92,3.
Кадрлармен қамтылуы
Уәлиханов ауданының мектептерiнде 2017-2018 оқу жылында 598 мұғалiм (2016-2017оқу жылы 603 мұғалiм) жұмыс жасайды, оның 474-i жоғары, 124-i арнаулы орта бiлiмдi.
Жоғары санатты педагог саны — 103, бiрiншi санатты — 195, екiншi санатты — 135 болса, санатсыз — 165. құрады. 2017 жылы 14 мұғалiмге жоғары санат, 29 мұғалiмге бiрiншi санат берiлдi. Аудан бойынша жоғары және бiрiншi санатты мұғалiмдер саны — 298 (50%)
Ауданға 2017-2018 оқу жылында 27 жас маман келдi. Оның 12-сы жоғары бiлiмдi, 15-сi арнайы орта бiлiмдi. Барлығы жұмыспен қамтылды.
2018 жылы 21 мұғалiм жоғары санатқа, 47 мұғалiм бiрiншi санатқа өтiнiш бiлдiрдi. 21 мұғалiмнiң 14-i санатын көтерсе, 7-сi растады. 47 мұғалiмнiң 23-i санатын көтерсе, 24-i растады.
Аудан мектептерiнде математика, физика, орыс тiлi пәндерiнiң мұғалiмдерi жетiспейдi.
Жазғы демалыстың ұйымдастырылуы
Уәлиханов ауданы бойынша 1-10 сынып аралығында 2504 оқушы бар. 2018 жылдың жаз айларында 2431 оқушы жазғы демалыспен және түрлi iс-шаралармен қамтылады жоспарланып отыр, ол 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 97%-ды құрайды. Ағымдағы жылы ауданда 24 мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары жұмыс iстейдi және онда 1090 оқушы қамтылады. Жазғы сауықтыру алаңында ыстық тамақты ұйымдастыру үшiн жергiлiктi бюджеттен мемлекет көмегiне мұқтаж 270 балаға 1134 мың теңге бөлiндi, ал бастауыш сыныптың 820 оқушысы демеушiлер мен ата-ана есебiнен тамақтанатын болады. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiне 250 жолдама сатып алу үшiн жалпыға бiрдей бiлiм беру қорынан 3 750 теңге бөлiнiп, қазiргi күнi конкурс жариялануда. Жазғы уақытта аз қамтылған, көпбалалы, жетiм, қамқорлықтағы және асырап алынған 22 баланы Астана, Петропавл қалаларына экскурсияға апару үшiн 263 мың теңге жоспарланды. Сондай-ақ, ауданымыздың 60-ға тарта оқушысы ата-аналарымен бiрге алыс-жақын шетелдерге (мысалы, Ресей Федерациясы, Омбы қаласы, Бiшкек қаласы…) демалысын жоспарлап отыр. Ауданымызда 9 палаткалы және 8 этномәдени лагерьлер де жылдағыдай өз жұмыстарын жалғастырады, онда 5-8 сыныптардан 890 оқушы қамтылады.
Оқулықпен қамтылуы
Жергiлiктi бюджеттен 005 бағдарламасы аясында (оқулықтар, оқу-әдiстемелiк құралдар сатып алуға) 19437 мың теңге бөлiндi. 2017-2018 оқу жылы оқулықпен қамту 100%-ды құрады.
Облыстық бюджеттен қосымша 2, 5, 7 сыныптарға жаңартылған бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясында жаңа стандартты оқулықтар сатып алу үшiн 16029,7 мың теңге қаражат берiлдi.
Келесi 2018-2019 оқу жылы 3, 6, 8, 10 сыныптарға жаңа стандарт бойынша оқулықтар алынады.
Цифрландыру
Қазiргi сәтте робототехника кабинетiмен ауданның 3 мектебi жабдықталған. (Кiшкенекөл №1 орта мектебi, Кiшкенекөл №2 орта мектебi, Бидайық орта мектебi) 2018-2019 оқу жылы қаражат бөлiнсе Ақтүйесай орта мектебi, Әуезов орта мектебi, Кiшкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы, Мортық орта мектептерiне роботехника кабинеттерiн алу жоспарлануда.
Ауданның барлық 24 мектебi кеңжолақты Интфернет жүйесiне қосылған, жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/сек. дейiн. Олардың 15-сi «Қазақтелеком » АҚ, 9-ы «Astel» компаниясымен қызмет жасайды. Мектептерде 33 желi нүктесi бар, жаңа оқу жылының басында тағы қосымша 10 желi нүктесiн қосу жоспарланды. Wi-Fi технологиясының базасы арқылы 20 мектеп сымсыз Интернетпен қамтылған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, қалған 4 мектептi Wi-Fi-мен қамту жоспарланып отыр. Барлық мектептер ақпараттық жүйе «Күнделiк», «Bilimland», «Agartu» сайттарымен 100% қамтасыз етiлген. «Bilimland», «Agartu» сайттарына 7248 мың тг. жұмсалды.
Аудан мектептерiнде 14 мультимедиялық кабинетi, 17 физика кабинетi, 9 химия кабинетi 5 биология кабинетi бар. Интербелсендi құрылғылар саны — 76.
Ауданда қызметтiң автоматтандырылуы жоспарлануда. «Мектепке дейiнгi жастағы балаларды автоматты түрде кезекке қою», 24 мектепке дейiнгi мекемелерге және «Мектеп жасындағы балаларды автоматты түрде кезекке қою» үшiн 8 779,8 мың тг. сомасына.
2018 жылғы 20 тамызға дейiн Кiшкенекөл №2 орта мектебiне IT-сынып ашуға 5+1 компьютерлер 1000 мың. тг. алу жоспарланды. Қазiргi сәтте қомақты демеушi қарастырылуда.
Компьютерлер саны — 629 дана, 5 оқушыға 1 данадан үлеседi. Ескiрген жөндеудi қажет ететiн компьютерлер саны — 243 дана.
21 мектеп, 2 балабақшаға (377 камера) бейнебақылаумен қамтылды.
2018 жылы Кiшкенекөл №2 орта мектебi АIIБ-нiң пультiсiне қосылған.
2018-2019 оқу жылының басына дейiн аудан орталығының 2 мектебiн АIIБ-нiң пультiсiне қосу жоспарланды.
| № | Мектептің аталуы | Барлығы сыныптар | Барлығы оқушылар |
| Казақ мектептер | |||
| 1 | Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназия | 16 | 272 |
| 2 | Өндіріс орта мектебі | 10 | 75 |
| 3 | Ақтүйесай орта мектебі | 11 | 117 |
| 4 | Қаратерек орта мектебі | 10 | 30 |
| 5 | Көбенсай орта мектебі | 10 | 79 |
| 6 | Озерный орта мектебі | 10 | 29 |
| 7 | Жамбыл орта мектебі | 11 | 56 |
| 8 | Мортық орта мектебі | 11 | 83 |
| 9 | Әуезов орта мектебі | 11 | 193 |
| 10 | Қайрат орта мектебі | 11 | 64 |
| 11 | Елтай орта мектебі | 10 | 54 |
| 12 | Қарашілік негізгі мектебі | 9 | 35 |
| 13 | Шағырсай негізгі мектебі | 9 | 28 |
| 14 | Береке негізгі мектебі | 9 | 39 |
| 15 | Каратал негізгі мектебі | 8 | 43 |
| 16 | Жаскайрат негізгі мектебі | 8 | 24 |
| 17 | Аққұдық негізгі мектебі | 7 | 24 |
| Барлығы казақ мектептер | 171 | 1245 | |
| Аралас мектептер | |||
| 1 | Кішкенекөл №1 орта мектебі | 28 | 449 |
| 2 | Кішкенекөл №2 орта мектебі | 30 | 544 |
| 3 | Бидайық орта мектебі | 12 | 143 |
| 4 | Чернигов орта мектебі | 17 | 78 |
| 5 | Телжан орта мектебі | 15 | 84 |
| 6 | Чехов орта мектебі | 18 | 83 |
| 7 | М. Жұмабаев атындағы орта мектебі | 13 | 58 |
| Барлығы аралас мектептер | 133 | 1439 | |
| Барлығы | 304 | 2684 | |
| № | Мектептің аталуы | Барлығы сыныптар | Барлығы оқушылар | Жылына 1 балаға қаражат, мың. тенге |
| 1 | Шағырсай негізгі мектебі | 9 | 28 | 910,0 |
| 2 | Жасқайрат негізгі мектебі | 8 | 24 | 871,7 |
| 3 | Қарашілік негізгі мектебі | 9 | 35 | 839,5 |
| 4 | Береке негізгі мектебі | 9 | 39 | 746,8 |
| 5 | Аққұдық негізгі мектебі | 7 | 24 | 930,0 |
| 6 | Озерный орта мектебі | 10 | 29 | 808,3 |
| 7 | Қаратерек орта мектебі | 10 | 30 | 895,2 |
| 8 | Елтай орта мектебі | 10 | 54 | 601,8 |
| 9 | М. Жұмабаев атындағы орта мектебі | 13 | 58 | 785,6 |
| 10 | Кайрат орта мектебі | 11 | 64 | 636,2 |
| 11 | Жамбыл орта мектебі | 11 | 56 | 673,1 |
| 12 | Өндіріс орта мектебі | 10 | 75 | 627,4 |
| 13 | Чернигов орта мектебі | 17 | 78 | 672,5 |
Аудан бойынша 2018 жылға мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiне 3-6 жас аралығындағы кезекте тұрған балалар жоқ.