
www.1414.kz — электрондық үкiмет порталының керi байланысы болып табылатын форум. Осы форумда Сiз электрондық үкiмет порталының электрондық қызмет көрсетулерi бойынша: өтiнiштi беру, анықтамалар алу, салық немесе айыппұл төлеу, және де сол сияқты басқа да қызметтер туралы сұрақтар қоюыңызға болады. Порталда тұрақты түрде жылжымайтын мүлiк, отбасылық қарым-қатынас, бiлiм, мәдениет, жұмыспен қамту, әлеуметтiк қамсыздандыру, азаматтық, көлiк, денсаулық, туризм және басқа да адам өмiрiне қажеттi салалар бойынша тақырыптық бөлiмдерде ондаған электрондық қызмет көрсетулер пайда болад, сондықтан Сiзде бiз жауап бере алатын көптеген сұрақтар туындауы мүмкiн. 1414-Call орталығының операторларының кеңесi.