Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі еңбек заңнамасында қарастырылған қызметкерге жалпы ескерту жариялаудан ерекшеленеді.
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен ерекшелігі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген.
Қызметшілер тарапынан азын-аулақ іс-әрекет жасалған жағдайда, сонымен қатар мемлекеттік органның тәртіптік комиссия (одан әрі — Комиссия) теріс қылық туралы деректерді қарастырғанға дейін кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен қызметшіден жазбаша түсініктеме сұратып алуы қажет.
Егер қызметші жазбаша түсініктемеде осы теріс қылықты өзім істедім деп келіссе, онда мемлекеттік орган басшысы қызметтік тергеу жүргізусіз ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға құқығы бар.
Егер қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде осы теріс қылықты істедім деп келіспесе, онда мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесімен анықталған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.
Қызметтік тергеу барысында кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары теріс қылық жасау және басқа да тергеу негіздерінің жағдаятына қатысты жанжақты және толық материалдар мен мәліметтерді жинап, дәлелді қорытындыға сәйкес материалдарды мемлекеттік органның әртүрлі бөлімшелеріне тапсыратын үш мүшеден тұратын және мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын Комиссияға қарастыруға тапсырады.
Егер қызметтік тергеу нәтижесінде қызметші қылмыс белгісін көрсететін іс-әрекетке барғанықталса, мемлекеттік орган немесе уәкілетті орган басшысы бірден алған материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажет.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен, өкімімен белгіленеді.
Саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы актілер төмендегідей болуы мүмкін:
Мемлекеттік органның кадрлық қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы өкім шыққан сәттен үш күндік мерзімде тәртіптік жазаға тартылған қызметшіні актіге қол қою жолымен таныстыруға міндетті.
Ескертулер мен жазалар туралы актілер және мәліметтер қызметшінің атқарған қызметтерінің тізіміне енгізу жолымен мемлекеттік органның кадрлық қызметімен ескеріледі.
Тәртіптік ретте жазаланатын, жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметшіге мемлекеттік орган басшысымен белгіленген жазалар туралы, ақпарат кадрлық қызметпен ҚР Бас прокуратурасының арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі Комитетке міндетті ұсынуға жатады.
Егер мемлекеттік қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартса, онда бұл жаза қолдануға кедергі болуы мүмкін.
Сонымен бірге, қызметтік тергеу материалдарын Комиссияға қарауға тапсыру және қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанға қатысты қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы жағдайында жаза қолдану туралы шешімді қабылдау үшін кедергілер жоқ.
Мұндай жағдайда кадрлық қызмет қызметкерімен немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен түсініктеме беруден бас тартуы туралы сәйкесінше акт жасайды.
Тәртіптік жаза лауазымдық өкілдігіне сәйкес құқығы бар тұлғалармен салынады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай тұлға мемлекеттік орган басшысы болуы мүмкін.
Осылайша, мемлекеттік орган басшысы өздігінен немесе Комиссия ұсынысының негізінде келесідей шешім қабылдайды:
Саяси қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың нақты тізбесі анықталған. Қызметшілерге жаза:
Қызметшіге жаза қолдану туралы жұмыс берушінің актісі мынадай кезеңдерде шығарылмайды:
Қызметшіге әрбір тәртіптік теріс қылық үшін тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.
Еңбек Кодексімен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылмаған тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.