Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ Кiшкенекөл селосындағы қашықтағы жұмыс орны қызмет көрсету кеңсесiн жабу туралы

Құрметтi «БЖЗҚ» АҚ салымшылары!

Бизнес-үрдiстердi оңтайландыру, электрондық (цифрлық) қызметтердi автоматтандыру нәтижесiнде, сондай-ақ салымшылар мен алушылардың ұлттық пошталық оператордың («Қазпошта» АҚ) бөлiмшелерiнде Қор қызметтерiн алу мүмкiндiгiнiң iске асырылатынын ескере отырып, 2020 жылдың 01 желтоқсаннан бастап

150900, СҚО, Уалиханов ауданы, Кiшкенекөл селосы, Садвакасов көшесi, 76 үй мекенжайындағы «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету кеңсесi жабылады.

Қажет болған жағдайда келесi 150200, СҚО, Акжар ауданы, Талшық селосы, Победы көшесi, 67 үй, мекенжайы бойынша және 8 (71546) 21992 телефон нөмiрi арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның жақын жердегi қызмет көрсету кеңселерiне жүгiне аласыз.

Қызмет көрсету кеңселерiнiң жұмыс режимi: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiн.

Сондай-ақ онлайн режимде enpf.kz сайты немесе мобильдi қосымша арқылы келесi қызмет түрлерiн алуға болатынын естерiңiзге саламыз:

• ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;

• деректемелерге, соның iшiнде хабарландыру тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

• жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi-көшiрменi қарау;

• ЖЗШ-нан үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алу;

• ЖЗШ болуы туралы анықтаманы алу;

• ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi/жаңа редакциядағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты алу ("телнұсқа");

• мерзiмсiз 1-шi және 2-шi топ мүгедектiгiнiң белгiленуiмен байланысты зейнетақы төлемiн тағайындау туралы өтiнiш беру;

• төлемге берiлген құжаттарды алдын ала тексеру;

• төлемге және (немесе) көшуге өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау;

• БЖЗҚ кеңсесiне бару кезегiн брондау;

• зейнетақы калькуляторының көмегiмен зейнетақыны болжамдық есептеу және т. б.

Толық ақпаратты Байланыс орталығының 1418 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы алуға болады.

Дата публикации
05 ноября 2020
Дата обновления
05 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы