Сағитов Талғат Құрманғалиұлы - Уәлиханов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі
Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес әр жұма сайын сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.
Байланыс телефоны: 8 (71542) 21-8-33
Мекен - жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі 85, №26 каб
Әдеп жөніндегі уәкіл-қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары:
мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді;
мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданады;
мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік органның басшылығына мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы хабарлайды.