Instagram және Facebook әлеуметтік желілерін пайдаланушылар арасында алдын ала хабарлау және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ филиалының директорымен келісілген, 2025 жылғы 13 қаңтардағы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының басшысы бекіткен 2025 жылға арналған халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Ағымдағы жылдың 15 тамызында сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ филиалының Уәлиханов ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.
Азаматтарды қабылдау барысында 1 адам өтініш білдіріп, оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді, барлық сұрақтарға жауаптар, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы түсініктемелер берілді.