Меню

Страницы

Статья

Пештік жылыту

Үйде орналасқан пештер ақаусыз әрі өрт қауіпсіздігі тұрғысынан жарамды болуы тиіс.
Өрт пеш пен түтін жолдарының қалауындағы жарықтар мен саңылаулар арқылы от пен ұшқын әсерінен шығуы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Осыған байланысты пештер мен мұржаларды мезгіл-мезгіл мұқият қарап шығу, табылған ақауларды жою, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Күйе шөгінділерін тазалап, пеш элементтерін әктейді, әктеу жарықтар мен күйік орындарын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Пешті пайдалану кезінде келесі талаптарды орындау қажет:
• пештің алдына өлшемі 50х70 см және қалыңдығы кемінде 2 мм болаттан жасалған, от ұшқындарынан сақтайтын қаңылтыр төселуі тиіс;
• пешті бензинмен, керосинмен және басқа да ЖСЖ (жанғыш сұйық заттармен) жағуға болмайды, өйткені тез тұтану кезінде жарылыс не жалынның лақтырылуы мүмкін;
• отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына қоюға болмайды;
• пешті ашық есікшелермен жағуға рұқсат етілмейді;
• күл мен шлакты топтан шығарғаннан кейін сумен суарып, арнайы бөлінген қауіпсіз орынға шығару керек;
• жанғыш шатырлардың үстіндегі мұржаларда ұшқын ұстағыштар (металл торлар) болуы тиіс;
• пешке киім-кешек пен шикі отынды кептіруге болмайды. Пеш жағылған кезде жиһаз, перделер пештен кемінде жарты метр қашықтықта орналасуы тиіс;
• мұржаларды күйеден әдетте жылыту маусымы басталар алдында және маусым ішінде екі айда бір реттен кем емес тазалау қажет;
• ғимараттың жанғыш және қиын жанғыш құрылымдары (қабырғалар, қалқалар, жабындар, арқалықтар) пештер мен мұржаларға түйіскен жерлерінде жанбайтын материалдардан аралық қарастырылуы тиіс.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттер

Балалар қараусыз қалдырылған кезде және өз еркіне берілгенде өрт шығуы мүмкін. Көбіне балалар өздері себепкер болған өрт салдарынан қаза табады.
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру қажет: сіріңкемен, шырпы, фейерверк, шам, бенгал шамдарымен ойнау өртке әкелетінін, отпен абай болуды тек үйде ғана емес, аулада, далада, орманда да сақтау керегін ұқтыру қажет.
Балаларға қосулы электр және газ құралдарын, жағылып тұрған пештерді қарауды тапсырмаңыз. Электр және газ құралдарын өздігінен қосударына жол бермеңіз.
Сіріңке, шырпы, керосин, бензин және т. б. балалар қолы жететін жерлерде сақтамаңыз.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Өрт шыққан жағдайда іс-әрекеттер

Есте сақтаңыз: өрт кезіндегі ең қауіптісі – сасқалақтау мен дүрбелең. Құнды минуттар жоғалады, ал жалын мен түтін қауіпсіз жерге шығуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әр адам өрт кезінде не істеу керегін білуі тиіс.

Өрт шыққан жағдайда дереу «101» телефоны бойынша өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыз.

Өрт сөндіру қызметіне хабарлаған кезде:
• оқиғаны қысқа әрі нақты сипаттаңыз – не жанып жатыр (пәтер, шатыр, жертөле, жеке үй немесе басқа нысан), мүмкіндігінше өрттің шамамен алаңын атаңыз;
• мекенжайды айтыңыз (елді мекен, көше атауы, үй нөмірі, пәтер нөмірі);
• өз атыңызды, телефон нөміріңізді айтыңыз;
• адамдарға, жануарларға және көрші ғимараттарға, құрылыстарға қауіп бар-жоғын хабарлаңыз;
• егер телефонға қол жеткізе алмасаңыз немесе ғимараттан шыға алмасаңыз, терезені ашып, айқайлап өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударыңыз.

Адамдарды, жануарларды, материалдық құндылықтарды құтқару шараларын қолданыңыз. Елді мекен тұрғындарын өрт туралы хабардар етуге тырысыңыз.

Есте сақтаңыз:
• өрт кезіндегі түтін жалыннан әлдеқайда қауіпті, адамдардың көбі оттан емес, тұншығып қаза табады;
• түтін басқан жерден эвакуация кезінде суланған орамал немесе мата арқылы тыныстау қажет.

Адамдарды құтқарғаннан кейін қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (өртсөндіргіштер) немесе қолда бар жабдықтармен (көрпе, су, құм және т. б.) өртті сөндіруге және мүлікті эвакуациялауға кірісуге болады.

Категориялық түрде тыйым салынады: өрт сөндірушілерді шақырмай тұрып, жалынды өз бетімен сөндіруге тырысуға болмайды, егер өрттің бастапқы сатысында оны ауыздықтай алмасаңыз.

Өртті өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаған жағдайда, оның таралуын шектеу шараларын қабылдау қажет: көрші бөлмелерге, ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш заттарға жайылмауы үшін жанған бөлмелердің есіктерін жауып, от аймағына оттегінің кіруін тоқтату керек.

Өрт сөндіру техникасы келген соң, оны қарсы алып, өрт орнын көрсету қажет.

Есте сақтаңыз!

Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау –
сіздің амандығыңыздың,
өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі!

Өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алу оңай.

Уәлиханов ауданының ТЖБ

Дата публикации
17 сентября 2025
Дата обновления
17 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы