Меню

Страницы

Статья

Әдеп жөніндегі уәкілдің алғаш түскен жас мемлекеттік қызметшілермен азаматтарды жеке қабылдауы

2025 жылғы 2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында Әдеп жөніндегі уәкіл Талғат Сағитов мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас маманмен жеке қабылдау өткізді. Іс-шара Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылып, жас мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдардағы жұмыс жағдайларына бейімделуіне жәрдемдесуге, сондай-ақ оның мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Қабылдау барысында мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, оларды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау, тиісті шаралар қабылдау, ұлттық стандарттарды сақтау, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік рәміздердің маңызды ұлттық құндылық ретіндегі маңызын атап өтті және оларды пайдалануға байланысты бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түрлерін түсіндірді.

Дата публикации
27 августа 2025
Дата обновления
27 августа 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы