Меню

Страницы

Статья

Кішкенекөл ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2024 жылғы 12 айдағы жұмыс қорытындылары туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихананов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі:

 -Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- Ауылдық елді мекен жерлерінен жер учаскесің беру;

 - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

 - Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

 -Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;

 -Жер учаскесін алуға кезекке қою.

 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 27 құрады, ал ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін - 14;

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

– Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-16, 2025 жылғы 3 айдың ішінде - 7;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 5, 2025 жылғы 3 айдың ішінде - 7;

Мемлекеттік қызметтер жөніндегі жоспардың негізгі іс-шаралары: мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" арқылы көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту, мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері бойынша анықтамалық ақпаратты ұлғайту, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу болып табылады.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппаратында көрнекі ақпарат стендтері (мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, өтініш үлгілері, жауапты орындаушының аты-жөні) орналастырылған.

«E-Gov» электрондық үкімет порталын пайдалану дағдыларын оқыту мақсатында жауапты лауазымды тұлға халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуге әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында және «Connection point» электрондық қызметтерін алу орындарында тұрақты негізде белгілі бір ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мәселен, 2024 жылы және 2025 жылдың бірінші тоқсанында 8 оқыту семинары өткізілді, әлеуметтік желіде электрондық форматта қызмет алу тәсілдері туралы 10-нан астам бейнеролик орналастырылды.

  2024 жыл және 2025 жылдың 3 айы ішінде аппаратпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықты таныстыру үшін 8 интернет-конференция (25 сұрақ түсті), мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 9 тікелей эфир (911 қарау) өткізілді, 700 дана көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша брошюралар таратылды.

  Сонымен бірге, округ әкімінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде қызмет көрсетудің қағидалары мен стандарттары, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы және 2023 жылғы көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп орналастырылған.

Округ әкімінің аппараты халықтың мобильділігі төмен топтары үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды, аппаратта персоналды шақыру түймесі жұмыс істейді, сары тактильді еден көрсеткіштері, ақпараттық табло және тұтқалар орнатылған, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар (130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген).

  Ауыл әкімдігінің аумағында азаматтардың барлық санаттарына, атап айтқанда, көру, есту қабілеті бұзылған немесе басқа да нозологиялары бар адамдар үшін кедергісіз және қауіпсіз жүріп-тұру қамтамасыз етілген.

Мерзімдердің бұзылуына жол бермеу және мемлекеттік қызметтер көрсетуді уақтылы тіркемеу мақсатында күн сайын ақпараттық жүйелерге мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2024 жылы және 2025 жылдың 3 айында уәждемесіз бас тартулар мен қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Бұл бағыттағы жұмыс қатаң бақылауға алынып, жалғастырылатын болады

 

Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі                                С.С. Әбікеева

Дата публикации
11 апреля 2025
Дата обновления
11 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы