Меню

Страницы

Статья

Петропавл тұрғындары 300-ден астам VIP нөмір рәсімдеді

Жыл басынан бері Петропавл қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жоғары сұранысқа ие 312 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) берілді. Оның 257 нөмірін ер адамдар, ал 55 нөмірін әйелдер сатып алды.

VIP желісі аясында сұранысқа ие нөмірлік комбинациялар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 болды. Олардың әрқайсысының бағасы 57 АЕК (210 444 теңге) құрады. Ең аз сұранысқа ие 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 және 777 болды. Олардың құны - 285 АЕК (1 052 220 теңге).

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «әдемі» нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген және оларды сатудан түскен табыс ел бюджетіне түседі. 

VIP нөмірлерді Мамандырылған ХҚКО-да немесе электрондық үкімет порталы арқылы сатып алуға болады. Бұл ретте бос болса, кез-келген нөмірді таңдауға болады. Петропавл қаласында қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнді құрайды, жеделдету рәсімі де бар.

Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 70 мыңнан астам көлік құралы тіркеліп, 15 мың жүргізуші куәлігі берілді.

Дата публикации
19 декабря 2024
Дата обновления
19 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы