Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі, 2024 жылғы 01 қазандағы №151 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов округ әкімдері (zoom арқылы) және мемлекеттік мекемелер басшылары арасында лудоманияға жол бермеу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар-кеңес барысында құмар ойындарға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуге ұсынымдар берілді.