Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 16 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Қ.Сағитов «Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуге ұсынымдар берілді.