23 тамыз күні аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Дархан Бейсембин ауылдық округі әкімінің аппаратары мен аудандық бөлімдері қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді. Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесін түсіндіру болды.
Әңгімелесу барысында Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдында немесе күнделікті жұмыс барысындағы жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі мен киім үлгісінен бастап кәсіби шеберлігі мен iскерлiк қасиеттеріне дейін қойылатын негізгі талаптар туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта көлікті жеке мақсатта қолдануға қатаң тыйым салынатындығын ескертті.
Әдеп кодексін, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтауға бағытталған мемлекеттік қызметшілер арасындағы мұндай кездесулер бекітілген жоспарға сәйкес жыл бойы өткізілетін атап өткен жөн.