Уәлиханов ауданының аумақтық референдум комиссиясымен республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес 15 қыркүйек күні учаскелік референдум комиссияларының төрайымдары мен төрағалары, орынбасарлары мен хатшыларымен семинар-кеңес өткізілді. Оқыту жөніндегі семинарға барлығы 70 мүше қатысты.
Семинар барысында республикалық референдумды өткізу мағынасы, референдум күні учаскелік референдум комиссияларының жұмысы толығымен талқыланды.
Семинарға қатысқан мүшелер арнайы топтарға бөлініп, практикалық түрде референдум барысында туындайтын әртүрлі жағдайларды қарады. Сонымен бірге мүшелермен арнайы тестілеу тапсырылды.