Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес 12 сәуірде аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 19 мамырға тағайындалған Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Шараға аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Алдағы сайлауға 30 адамнан тұратын 6 учаскелік сайлау комиссиясы қатысады.
Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Ғ.Сағалиеваның төрағалығымен өткен жиында Кішкенекөл ауылдық округі әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының мәселелері, сайлау учаскесін жабдықтау және ресімдеу мәселелері қаралып, талқыланды. Сондай-ақ сайлаушылар тізімдері мен сайлаушылардың дауыс беру мәселелері талқыланды.
Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы учаскелік комиссияларымен сайлау заңнамасының талаптарын сақтауына аса назар аударды.