Ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, олардың уәкілетті өкілдері тұлғасындағы ұжым жұмыскерлері мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлер ұжымының мүдделерін келісуге, еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алуға мүмкіндік береді, сондай - ақ жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін қамтиды.
Еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ұжымдық шарттарды жасасуы, өзгертуі, толықтыруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжымдық шарт жобасын дайындаудың бастамашысы Тараптардың кез келгені - қызметкерлер немесе олардың өкілдері және жұмыс беруші бола алады.
Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Ұжымдық келіссөздер жүргізу және Ұжымдық шарттың жобасын дайындау үшін Тараптар комиссиялар құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, жобаны әзірлеу және Ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптардың келісімімен айқындалады.
Комиссия дайындаған Ұжымдық шарттың жобасы ұйым қызметкерлерінің талқылауына міндетті түрде жатады. Жобаны талқылау нысандарын қызметкерлердің өздері анықтайды. Комиссия келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.
Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын Ұжымдық келіссөздер тараптары айқындайды. Ұжымдық шартқа сыйлықақы беру, еңбекақы төлеу нысандары, жүйелері, жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары, Саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау және т. б. туралы ережелер енгізілуге тиіс. жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, сақтандыру, сауықтыру және т.б.
Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады.
Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады, ұжымдық шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен енгізіледі.
Ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптар ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР Еңбек кодексінің 156 - бабының 11 - тармағына сәйкес ұжымдық шарт мониторинг рәсімінен өтуі тиіс. Ол үшін жұмыс беруші қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде ұжымдық шартты СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына мына мекенжай бойынша ұсынуға міндетті: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
Ұжымдық шарт — жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі, бұл сондай-ақ жұмыс берушіге жұмыскерлердің мүмкіндіктері мен қабілеттерін тиімді басқаруға көмектесетін қаржылық, тәртіптік, ұйымдастырушылық маңызды құрал.
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы
З. Жүнісова, 87154222152