Әңгімелесу барысында Талғат Құрманғалиұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіріп, ұжымдағы корпоративтік мәдениет негіздерімен таныстырды.
«Мемлекеттік қызметшілер айналасындағыларға үлгі болуға, өз іс - әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеуге, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың жасалуына жол бермеуге тиіс», - деді Әдеп жөніндегі уәкіл.