2023 жылғы 31 қазанда аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Сағитовтың төрағалығымен Уәлиханов ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
- Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру;
- Уәлиханов ауданында халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар туралы;
- Жергілікті полиция қызметінің әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын-алуға бағытталған жұмысы туралы.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді.