Ағымдағы жылдың 30 қазан айында Уәлиханов ауданы әкiмiнің орынбасары Т.Қ. Сағитовтың төрағалығымен аудандық үшжақты комиссия отырысы өттi.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- ауданның ұйымдары мен кәсіпорындары бойынша жұмыс орындарын босату туралы;
- 2023 жылғы тамызда 2023 жылғы шілдемен салыстырғанда әлеуметтік аударымдардың қатысушылар саны төмендеуі туралы;
- әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы;
- қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі кәсіподақтар қабылдайтын шаралар туралы.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмалар берді.