Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.К. Жантлеуова Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтауға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуге ұсынымдар берілді.