Меню

Страницы

Статья

Уәлиханов ауданы аумағында дін саласындағы ақпарат

Уәлиханов ауданында 18 діни бірлестік жұмыс істейді.

Діни қызмет өкілдерінің ресми органдардың қызметіне араласу фактілері тіркелген жоқ. Діни іс-шаралар діни ғимараттардан тыс жерде өткізілген жоқ. Жекелеген азаматтар мен топтардың жағдайды тұрақсыздандыру фактілері анықталған жоқ.

Ауданда 5 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді:

Аплесанова Гүлнар Сагитқызы - ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қалиев Сайран Бекмұханбетұлы - полиция бөлімі басшысының орынбасары, Егімбаева Күләш Нағымжанқызы - «Ақ орамал» ҮЕҰ-ның төрайымы, Балтабаев Марат Жұмағұлұлы - Кішкенекөл №1 орта мектебінің директоры,  Жұмағұлова Бақыт Мұратбекқызы - Жастар ресурстық орталығының директоры.

Мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде 2 аудандық «Кызыл ту» және «Кішкенекөл таңы» баспа басылымдарында дін саласындағы мемлекеттік идеологияның негізгі басымдықтарын, оның ішінде «Конфессияаралық келісім және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» тақырыбын мақсатты түрде көрсету ұйымдастырылды.

2024 жылдың 5 қаңтарында Аудан әкімімен  «2024 жылға арналған конфессияаралық келісім және діни экстремизмнің алдын алуын насихаттау бойынша аудандық газеттерде мақалалар жария ету» жөніндегі медиа-жоспары бекітілді.

АТТ мүшелері тоқсан сайын дәрістер, ақпараттық-анықтамалық материалдар, экстремизмге қарсы және патриоттық бағыттағы бейне өнімдер, ақпараттық буклеттер, парақшалар және брошюралар түрінде қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.

Уәлиханов ауданының аумағында терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында теріс ықпал ететін әлеуметтік шиеленіс анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы