Уәлиханов аудандық мәслихатының экономика және бюджетті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы М.Т.Абдулов және депутаттары аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе Кішкенекөл ауылының А.Қазымбетов атындағы стадионына барып, ондағы жасалып жатқан қайта құру жұмыстары барысымен танысты. Білім бөлімінің басшысы А.Ә.Әубәкіров қатысушыларды жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы ақпарат берді. Қоғам белсенділері стадионды қайта құру бойынша кемшіліктерін атап өтті, оған білім бөлімінің басшысы А.Ә.Әубәкіров және дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Қ.Мұсайбекова қазіргі уақытта стадионды жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау үшін қосымша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді.