Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық мүмкіндіктер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша өнеркәсіп көлемі-9,8%- ға; ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі – 0,8%- ға кеміді.

 

Өнеркәсіп

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 353,6 млн.теңге құрады (2022 ж. қаңтар-сәуір айларында – 433,4 млн. теңге). Нақты көлем индексі 107,6 % құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі  77,4 млн. теңгенi құрады немесе 126,4%  (2022 ж. қаңтар - сәуір  айларында  -77,4 млн. теңге);

Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 157,5 млн. теңгенi құрады немесе 89,7%  (2022 ж. қаңтар - сәуір айларында  – 239,8 млн. тенге);

Электрэнергиясымен жабдықтау саласында көлемі 98,5      млн. теңгенi құрады немесе 89,7%  құрады (2022 ж. қаңтар – сәуір айларында  - 106,0 млн. тенге);

Сумен жабдықтау саласында көлемі 8,95 млн. теңгенi құрады немесе 80,7% (2022 ж. қаңтар - сәуір айларында  -10,2 млн. тенге);

 

Ауыл шаруашылығы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы қаңтар- сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы  4158,8 млн. теңгенi құрады (2022 ж. қаңтар-сәуір айларында  - 3316,3 млн. теңге), НКИ-101,4%.

2023 жылғы қаңтар- сәуір айларында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 1152,4 тонна құрады немесе 100,2% (2022 ж. қаңтар-сәуір айларында  – 1150,5 тонна);  

Сауылған сиыр сүті – 11317,7 тонна құрады немесе 101,8% (2022 ж. қаңтар-сәуір айларында  – 11118,8 тонна); 647,9 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне – 102,1%  (2022 ж. қаңтар-сәуір айларында  – 634,8 мың дана).

 

 

 

 

2023 жылдың мамыр айының 1-не мал басы мен құс саны

                                                                                                                           (мың бас)

Атауы

Мал басы, мың бас

2022 жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі

Облыс бойынша

2023 ж. 01.05

              Аудан бойынша

%

Мың бас ( +-)

2023 ж. 01.05

2022 ж. 01.05.

ІҚМ саны, оның ішінде

529,8

46,3

49,6

107,1

+3,3

сиырлар

240,3

18,9

19,9

105,6

+1,0

Қой мен ешкі

529,4

47,4

47,9

101,2

+0,5

Жылқы

171,2

20,3

22,5

110,7

+2,2

Шошқа

239,6

0,8

0,8

100,1

0

Құстар

4 547,7

73,5

73,6

100,1

+0,1

 

2023 жылдың мамыр айының 1-не артуы байқалады:  ІҚМ саны -7,1%-ға (49,6 мың бас); сиыр саны 5,6% – ға (19,9 мың бас), қой мен ешкі саны – 1,2 % -ға (47,9 мың  бас);  жылқы саны – 10,7% -ға (22,5 мың бас);  шошқа саны – 0,1% -ға (0,8 мың бас); құс саны – 0,1%-ға (73,6 мың бас).

 

Тұрғын үй салу және пайдалануға беру

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы қаңтар- сәуір айларының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда  437 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 102,6% құрады (2022 жылғы қаңтар - сәуір айларында -426 ш. м).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,6 млн.теңгеге орындалды немесе  2022 жылдың сәйкес кезеңіне 21,3 % (2022 ж. қаңтар - сәуір  айларында – 12,1 млн.теңге).

 

Инвестициялар

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 1574,2 млн. теңге құрады (2022 ж. қаңтар- сәуір айларында – 1300,3  млн.теңге),  НКИ-117,9%.

Жеке инвестициялар көлемі 1035,3 млн. теңге құрады (2022 ж. қаңтар- сәуір айларында  - 1297,4 млн.теңге),  НКИ-91,1%.

 

Бөлшек сауда

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2023 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы 1193  млн. теңгеге тауар сатылған (2022 ж. қаңтар- сәуір айларында – 960,1 млн.теңге), НКИ 104,4% құрады. 

2023 жылғы қаңтар- сәуір айларында сауда жасайтын кәсіпорындарымен 260,9 млн. теңгеге тауар сатылды, жеке кәсіпкерлерімен – 932,1 млн. теңгеге.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны 881 бірлікті құрады (2022 ж. 01.05.- 789 бірлік), оның ішінде: заңды тұлғалар - 93бірлік, жеке кәсіпкерлер - 433 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 355 бірлік. 

 

Әлеуметтік қорғау

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, 2023 жылдың сәуір айының 1-іне жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 111 адам құрады, (2022 ж. 01.05. -106 адам). Жұмыс күшінің санында тіркелген жұмыссыздарының үлесі  1,2 % құрады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар - наурыз айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 224748 теңгені құрады (2022ж.қаңтар - наурыз  айларында - 189266 теңге), 2022 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 18,7% құрады. Нақты жалақы индексі 98,3% құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:

- тау-кен өнеркәсібінде – 338448 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 1,5 есеге жоғары;

-денсаулық сақтау саласында - 233030 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 1,03% жоғары белгіленді;

Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында -130109 теңге құрайды немесе 1,7 есе төмен;

–ауыл шаруашылығы саласында- 148642 теңге құрайды немесе 1,5 есе төмен;

-көлік және жинақтау саласында-160648теңге құрайды немесе 1,4 есе төмен;

 

Демография

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, 2023 жылдың                  сәуір  айының 1-не ауданның халық саны 13140 адам құрады (2022 ж. 01.04.- 15522 адам). 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,  халықтың саны 2382 адамға немесе 18,1%-ға азайды.

2023 жылы қаңтар-наурыз айында халықтың табиғи өсімі 19 адам (2022 ж.қаңтар-наурыз айында – 16 адам) құрады. 2023 жылғы қаңтар-ақпан айында тіркелген туғандар саны 47 бала (2022 ж. қаңтар- наурыз айында  – 51 бала туылды). Қайтыс болғандар саны 28 адам құрады немесе  2022 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 адамға кем (2022 ж.қаңтар- наурыз айында – 35 адам).  

2023 жылдың қаңтар-ақпан айында ауданға 93 адам келді, кеткені 149 адам, көші-қон айырымы (-56) адам болды. 2022 жылдың сәйкес кезеңінде - 78 адам келді, кеткені 191 адам, көші-қон айырымы (-113) адам.

 

 

             

Дата публикации
26 мая 2023
Дата обновления
26 мая 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы