Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, тәртібі мен процестерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жөніндегі бас маманы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де құқықтық оқыту жүргізді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында ауылдық округ аппаратының бас маманына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделмеген артық құжаттар топтамасын талап етуге жол бермеуге, "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне мәліметтерді уақтылы енгізуге, халыққа қызмет көрсету орындарында қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіруге және т.б. ұсынылды.