2023 жылдың 21 мамырында бір сайлау округі бойынша Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабы 9) тармақшасы, 44 бабы 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 бабына сәйкес Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары жөніндегі 3 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Қулыкөл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 626 азамат енгізілді, одан 605-і дауыс берді. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетендер саны - 4.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Азманова Ә.Қ. – 31; Жауаров А.А. – 34; Кендірбаев Б.К. – 528.
1977 жылғы, Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылында тұрушы, «Казахалтын» АҚ «Западная» шахтасының жерасты тау-кен жұмысшысы, «өзін өзі ұсыну» тәртібімен ұсынылған Кендірбаев Бақытжан Кенесұлы Қулыкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Уәлиханов аудандық сайлау комиссиясы