Меню

Страницы

Статья

"Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ қызметі

 

«Iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметi iшкi саясаттық тұрақтылық пен саяси процестердiң демократияландыруға, этникалық қарым-қатынастарды үйлестiру, қоғамдық прогресс пен азаматтық бейбiтшiлiк үшiн жағдай жасау және қорғау, қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу, мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн арттыру, тұрғындар арасында аудандық және ауылдық ақпараттық түсiндiру топтары арқылы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Президенттiң Жолдаулары бойынша түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзуге бағытталған.

Бөлiм мемлекеттiк басқару органдарының үкiметтiк емес ұйымдары (8), саяси партиялар (2), этномәдени бiрлестiктермен (10) өзара қарым-қатынасты үйлестiру бойынша функцияларды жүргiзедi, ауданның дiни жағдайына мониторинг жасайды.

 

Жастар ресурстық орталығы

Жастар ресурстық орталығы - жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.

Негізгі міндеттеріне жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу; бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, компетенцияларын және дербестігін дамыту; өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету; әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жатады.

Ұйымның штаты: 1 – директор, 1 – консультант-талдаушы, 1 – жастармен жұмыс жөніндегі маман және 10 ауылдық округтердегі нұсқаушылары бар.

Тел./факс 8-715-42-21-1-92

 

Бұқаралық ақпарат құралдары

Уәлиханов ауданында 2 газет шығарылады: "Кішкенекөл таңы" және "Қызылту"

"Кішкенекөл таңы" қоғамдық-саяси газеті аптасына 1 рет шығады.

Газет оқырмандардың кең ауқымына арналған. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде ресми басылым болып табылады.

Газетінің иесі "Нұрлы ел" ЖШС.

Бас редакторы Бибінұр Топанбаева

Тел. / факс 8-715-42-20-0-27

E-mail: nurlyel2017@mail.ru  

"Қызыл ту" қоғамдық-саяси газеті аптасына 1 рет шығады.

Газет оқырмандардың кең ауқымына арналған. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде ресми басылым болып табылады.

Газеттің иесі "Нұрлы ел" ЖШС.

Бас редакторы Бибінұр Топанбаева

Тел. / факс 8-715-42-20-0-27

E-mail: nurlyel2017@mail.ru 

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
19 мая 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы