Меню

Страницы

Статья

"Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептер тәжірибесі"

17 мамыр 2023 жылы "Мектеп жанындағы интернаты бар #2 Кішкенекөл орта мектебі" базасында "Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептер тәжірибесі" тақырыбындағы халықаралық зерттеушілердің қатысуымен облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілген болатын. Конференция жұмысына 120 астам педагогтер тіркеліп, Кішкенекөл орта мектебінен 37 мұғалім қатысты. Конференция мәжіліс залында ұйымдастырушылардың сәлемдесуімен басталып, мектеп фойесында стендік қорғаумен жалғасты. Жалпы 11 постер қарастырылып талқыланды. Мектеп командалары да өзінің 6 постерлік жұмысын ұсынды. Барлық зерттеулер өзінің өзекті мәселелермен, зерттеу қадамдарымен, қызықты шешу жолдарымен көзін ерекшеленді. 14.00 конференция қатысушылары 4 секцияға бөлініп, Сабақты зерттеу бойынша баяндамаларын тыңдады. Химия Биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен келген мұғалімдер, #1 Кішкенекөл орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Мусайбекова Гульжан Канашевна модератор қызметін атқарып, секция жұмысына бағыт беріп отырды. Барлық баяндамалар талқыланып болғаннан кейін модераторлар ең жақсы деген спикерлерді атап өтті. Конференция соңында қатысушылар жақсы кері байланыс бере отыра, конференция ұйымдастырушылары - ХББ НЗМ ұстаздары мен Кішкенекөл мектептерінің ұстаздарына алғыстарын білдірді. Жалпы айтқанда, конференция өз мақсатына жетіп, жоғары дәрежеде өткендіктен болашақта көптеген ұстаздарды Сабақты зерттеумен белсенді айналысуға уәждерін туындатты.

Дата публикации
18 мая 2023
Дата обновления
18 мая 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
2026 жылғы 13 қазанда Уәлиханов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы