"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес 04 қарашада аудандық сайлау комиссиясымен өткізілген мәжілістің отырысында ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындауға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептері тыңдалды.
Аудандық сайлау комиссиясы отырысының жұмысына аудан әкімі Қ. Пішенбаев, сонымен қатар отырысқа аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, ауданның ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне 1 сұрақ қойылды: 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде сайлау учаскелерінде энергиямен қамтамасыз ету, байланыс, қауіпсіздік және қорғау мәселелері бойынша қабылданатын шаралар туралы.
Мәжіліс барысында төтенше жағдайлар, аудандық полиция бөлімі, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Қазақтелеком" АҚ филиалы, ішкі саясат, білім бөлімдері басшыларының есептері тыңдалды
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар қабылданып, мүдделі органдарға жеткізілді.