Уәлиханов ауданының аумақтық референдум комиссиясы 12 ақпанда ұйымдастыру отырысын өткізді.
Комиссия мүшелерінің талқылауына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселесі шығарылды.
Аудандық референдум комиссиясының төрайымы республикалық референдумның негізгі кезеңдеріне тоқталды.
15 наурызға белгіленген республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі Уәлиханов ауданының аумақтық референдум комиссиясының жұмыс жоспары бекітілді.